astana-view

Қостанай ең үздігін таңдайды

2015 жылғы 13 Тамыз
- Қостанай облысы
12906 просмотров

27 тамызда Қостанай қаласында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтеді

Оған облыстағы 16 кәсіпорын қатысады да, жеңімпаздар республикалық деңгейде өңірді танытатын болады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы жыл сайын отандық өнім сапасын көтеру мақсатында өткізіледі. Осы жылдан бастап байқауды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.

Қостанай облысында қатысуға өтінім берген жаңа кәсіпорындар баршылық. Олардың қатарында «Қостанай қаласының «ЕвразКаспианСталь» ұсақ сұрыпты прокат өндіретін кәсіпорын және Жітіқараның құрылыс қоспаларын өндіретін «Эталон» зауыты да бар. Рудныйлық жылдам әзір болатын кеспе және лағман шығаратын «Ақбарыс НК» ЖШС алғаш рет бағын сынауда. Арнайы киім, техникалық мата және тау-кен көлік жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіретін кәсіпорын да осы қатардан табылады. 

Байқау дәстүр бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік аззық-түлік тауарлары» номинацияларында өтеді. Әрбір номинация бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін санаттары бойынша 3 сыйлық табысталады, және де қосымша лауреат атақтары да бар.

«Лауреаттар арнайы мүсіншелер, грамоталар алады және ең бастысы -  төрт жыл бойы сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта өніміне жапсырып қолдана алады, ал бұл тауарларды нарықта өркендету үшін қосымша түрткі болып табылады. Сәйкесінше, жеңімпаздар республикалық көрме-байқауға қатысады», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Байқау аясында кәсіпорында, жергілікті атқаругы және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сонымен қатар сараптау тобы мүшелерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Былтырғы жылдың жеңімпаздары мен түрлі танымал байқаулар қатысушылары да осы жерге шақырылады. Қатысушылар бірінші кезекте облыс қалалары мен аудандарынан шақырылмақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер