astana-view

Іс-сапарды қоя тұр – қарызды өте!

2015 жылғы 14 Тамыз
9523 просмотров

Қазақстанның азаматтары бюджет, сот және басқа да мемлекеттік органдар алдындағы қарыздарын тура шекарада өтеп, көптеген елдердегідей, елден кете беретін күн қашан туады?

Өкінішке орай, шенеуніктер әзірше бұл сұраққа жауап таба алмай отыр. Әділет министрлігі Сот актілерін орындау жөніндегі департаменті директорының орынбасары Саида Сағадат Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте осы тақырыпқа түсінік бере отырып, мұндай мәселенің қаралып жатқанын хабарлады.

«Бірақ бұл мәселе техникалық әрі нормативтік жағынан тез шешіле қоймайтындықтан, мүлдем қарапайым жолын таба алмай жатырмыз», - деп баса айтты ол.

Дегенмен, қарызгерлердің сыртқа шыға алмайтын азаматтардың «қара тізімінен» тез арада алып тасталып отыруынан үміт те жоқ емес. Саида Сағадат осыны сөз ете келіп, талқыланып жатқан заң нормасы жайлы айтып берді. Оған сәйкес  мемлекеттік төлем жолдары арқылы, мысалы, еgov.kz, қарыз төлеген кезде қарызгерлерге қатысты іс автоматты түрде жабылатын болады. Бірақ бұл «мәселе әзірше аяғына жеткен жоқ».

ҚР Әділет министрлігі берген деректер бойынша, қазір тек мемлекеттік сот орындаушыларының өзінде 227 млрд теңге сомасындағы қуынымдар үстінен іс жүргізілуде. Қазақстаннан шығуға 236 мың қазақстандыққа тыйым салынған. Саида Сағадат сонымен бірге өз қарызын төлеген азаматтардың көбіне бұл туралы сот орындаушыларына хабарлауды ұмытып кетіп жататындығын, сондықтан да «қара тізімде» қалып қоятынын баса көрсетті.  

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер