astana-view

Жарнама – бизнестің қозғалтқышы

2015 жылғы 14 Тамыз
- Қызылорда облысы
15152 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жарнама агенттігін ашуға жәрдем көрсетті 

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Қармақшы ауданындағы филиалының жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ауданда маңызды мәселені шешуге көмектесті.   

Қармақшы ауданы облыс орталығынан 170 шақырым жерде жатыр. Ауданда 2 кент, 12 ауылдық округ, 14 аудандық бөлім, сонымен қатар 31 оқу орталығының болуына қарамастан, ауданда бірде бір жарнама агенттігі жоқ. Сондықтан да аудан тұрғындары қажет болған жағдайда жарнама өнімдерін (баннерлер, билбордтар) Қызылорда қаласында дайындап жүрген еді.  

Мейірбек Төлепбергенов кәсіпкерлікті қолдау орталығына компьютер техникасын жөндеу жөніндегі сервистік орталық ашу идеясымен жүгінген кезде, КҚО консультанттары оған ауданға қажет жарнама агенттігін ашуды ұсынады.      

«2013 жылдан бері түрлі қаржы институттарына бірнеше мәрте жүгіндім. Алайда шын көмекті Кәсіпкерлікті қолдау орталығынан ғана ала алдым. Біріншіден, Қолдау орталығында бизнес қызметін дұрыс таңдауға көмек берді, екіншіден, сапалы бизнес-жоспар жазып берді. Ақырында жобамды қаржыландыруға «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 7,5 млн теңге алдым да, бизнесімді бастадым», - деді Мейірбек Төлепбергенов.

Бүгінгі таңда Қармақшы ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының 425 кәсіпкерге 605 қызмет түрін көрсеткенін, оның ішінде 61 жоба қаржыландырылғанын атап өту керек.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер