astana-view

Бизнес неден басталады?

2015 жылғы 14 Тамыз
- Қызылорда облысы
22407 просмотров

Ісін бастаушы бизнесмендер арасында жеке істі бастау дегеніміз – бұл салық органында тіркелу және кредит алу деген пікір кең тараған. Бірақ шындығында бұл аса тәуекелді көзқарас.

Бизнес маркетингтен басталуға тиіс! Атап айтсақ – нарықты зерттеуден және тұтынушыларды іздеуден. Қазақстанда Global Entrepreneurship Week негізін қалаушы және ресми өкілі, Жас кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы Павел Коктышев «Start-up Nomad Tour» тренингінде ісін бастаушы кәсіпкерлерге осы және басқа да көптеген мәселелерді айтып берді.

«Жеке бизнес ашу процесіне ісін бастаушы кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық артып келеді. Және де үлкен тәжірибелі кәсіби тренерлерді тарту қажеттілікке айналып отыр. Әріптестігіміздің өңіріміздегі кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз», - деп есептейді Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Жанна Аманова.

Тренинг қорытындысы бойынша нарық тұрғысынан ең көп сұралатын жобаларды көрсеткен кәсіпкерлер Жаһандық кәсіпкерлік аптасы аясында өтетін старт-аптар көрмесіне шақырылады.

«Бүгін 4 жобаны іріктеп алдық. Олардың арасында тіс пастасын өндіру, онлайн оқытуға арналған алаң ұйымдастыру, кешкі сәнді киімдерді жалға беру дүкені, сонымен қатар ағаштан ойылып жасалған бұйымдар шығару жобалары бар. Аталмыш жобалардың бардығы күзде байқауға қатысуға шақырылды», - дейді Павел Коктышев.  

Бағдарламаны бітірушілер MOST Бизнес-инкубаторының базасына енгізіледі. Осы базаның арқасында олармен кері байланыс жөнге салынады. Сонымен қатар, барлық жобалар Venture Club халықаралық алаңына қосылып, онда бизнес-періштелер инвестициялау үшін жобаларды қарап, таңдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер