astana-view

Араласқаны үшін алғыс айтты

2015 жылғы 17 Тамыз
9096 просмотров

«Атамекен» инновациялық кәсіпорынның кеденмен арадағы қақтығысын жөнге салды: жаңа үй салу комбинаты өз қызметін жалғастыру мүмкіндігіне ие болды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында инновациялық кәсіпорынның түйткілі жоғары деңгейге жетті. Кедендегі бюрократиялық аппарат күштерімен жасалған кедергі екі-үш апта бойында жойылды.

ҰКП араласуы жарты жыл бойы жаңа жобаның дамуына бөгет жасап келген түйткілді шешуге көмектесті. Ымыраға келу нәтижесінде Атырауда жаңа үй салу комбинаты пайдалануға берілді. 

Атыраулық «Direct Construction Service» компаниясынан ҰКП атына алғыс хат келіп жетті. Кәсіпорын басшылығы елдегі кәсіпкерлікті қолдағаны үшін разылығын білдірді. «Атырауда үй салу комбинаты құрылысы бойынша жобамызды ойдағыдай аяқтауға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз үлесін қосты деп есептейміз… Сіздер көрсеткен көмекті компаниямыз бен басшылық жоғары бағалап отыр. Біздің басымызға түскен осындай ауыр күндері көрсетілген қолдауға және қызметтеріңізге алыс айтамыз әрі Палата өзін толығымен ақтайды және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға қуатты қолдау көрсетеді деп есептейміз», - деп жазыпты компания өкілдері.

«Direct Construction Service» компаниялар тобы Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Балапанов айтып өткендей, зауытқа арналған жабдықты жеткізуге келісімшартқа 2013 жылдың басында қол қойылған, ал 2014 жылы құрылыстың өзі басталады.

«2014 жылы «DCS» Атырау облысында ірі панельді тұрғын үйлер мен азаматтық-тұрмыстық нысандар құрылысы үшін темір-бетонды өнімдердің толық кешенін өндіру мақсатында Атырау қаласында үй салу комбинатының құрылысын белсенді түрде жүргізеді. Жабдықты «Spancrete Machinery Corporation» ірі американдық компаниясы дайын өнімдер беретін бірыңғай зауыт түрінде жеткізді. Келісімшарт шартын ескере отырып, бірыңғай зауыт ретінде барлық жүктерді бір Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодымен ресімдемекші болдық. Бұл кедендік баждар мен ҚҚС төлеу кезінде жеңілдікті жағдайлар берер еді. Алайда кедендік ресімдеу процесінде «Spancrete Machinery Corporation» компаниясы АҚШ-та болса да, зауыты Қытайда орналасуына байланысты түйткілдер туындады. Яғни қосымша жабдық Америкадан келіп, зауыт Қытайдан келді. Нәтижесінде кеденшілер бізден әрбір жүкті жеке ресімдеуді талап етті. Біздің есептеулеріміз бойынша, бұл сома жоспарланғаннан 30% асып түсті. Бұл тіпті бірнеше миллион теңге емес, миллиардтап саналатын сома! Бұл күллі жобамыздың күйреуіне әкелер еді», - дейді Болат Балапанов.

Мемлекеттік органдармен хат алмасу жарты жылға созылып, түрлі сатыларға өз бетімізше жүгінуіміз еш нәтижесін бермеді. Осы сәтте компания ҰКП-ға түйткілдерін шешіп беруге жәрдем сұрап жүгінді.

«Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына да, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына да алғысымызды білдіргіміз келеді. Олар біздің өтінішімізге бірден жауап қатты. Сарапшылар барлық істе дерлік көмектесті. Біз үшін түрлі мемлекеттік органдарға хат жазды, қажет адамдармен кездесулер ұйымдастырды. Олардың жәрдемінің арқасында жоғары деңгейдегі шенеуніктермен кездесе алдық. ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раумен тікелей кездесе алдық. Вице-министр түйткілімізді тыңдап шығып, қоластындағыларға сәйкес тапсырма берді. Міне, сонда жұмысымыз жылжи бастады. Мемлекеттік органдардың сұрауларға жылдам жауап қатуы оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсына отырып, түйткілдің мәнін жұрыс баяндау көмегімен ғана мүмкін болды деп есептейміз. Бұған Ұлттық палатаның мемлекеттік құрылымдар арасындағы және бизнес-қоғамдастықтағы беделінің де аз көмегі тиген жоқ», - деп атады Болат Балапанов.

ҰКП жәрдемдесуінің арқасында барлық жабдықтарды бірыңғай кешен ретінде кедендік ресімдеуден өткізіп, салықтық артықшылықтар алуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, тоқтап тұрған зауыт құрылысы қайта жанданды да, үстіміздегі жылдың наурыз айында үй салу комбинаты пайдалануға берілді.

Зауыттың қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр темір-бетонды өнімді құрайды. Кәсіпорынның бірегейлігі мұнда панельдерден басқа нысанды дайын күйде беруге қажет құрамдастар өндірілуінде. Өндіріс жыл он екі ай бойы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда «Direct Construction Service» ЖШС Атырау қаласында 15 бес қабатты үйден тұратын «Жерұйық» тұрғын үй кешенін салуға арналған темір-бетонды өнімдер өндіруде бас мердігер болып отыр. Құрылыс 2020 жылға дейін есептелген Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша «Самұрық-қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және салушы «ABE&K» ЖШС арасында қол қойылған шарт аясында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, серіктестіктің Атырау мұнайды қайта өңдеу зауытында хош иісті көмірсутектер өндіру жөніндегі кешен құрылысын жүргізіп жатқан «Sinopec» компаниясынан тауарлық бетон және темір-бетонды өнімдерді жеткізуге тапсырыстары бар.

Үй салу комбинатын пайдалануға беру өңірде 58 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергенін атап өту керек. Зауыт өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер