astana-view

Көкшетаулық қымыз өндіруші мемлекеттен қолдау күтуде

2015 жылғы 19 Тамыз
- Ақмола облысы
12711 просмотров

Тимур Мұратбеков мал шаруашылығымен айналысады. Бейіндік білімі бола тұрып, мал өсірумен айналысуға бел буған.

Кәсіпкер басшылық ететін «Күміс Көкше» ЖШС Зеренді ауданында орналасқан. Бүгінде Тимур Мұратбековтің иелігінде 200 бас жылқы үйірі, сонымен қатар ірі қара мал бар. Фермер бастапқыда тек ет бағытында жұмыс жасауды жоспарлайды, дегенмен кейін бағытын өзгертеді.

«Ең басында, өз кәсіпорнымды еді ғана құра бастағанымда, жылқы етін өндіруді және өткізуді ғана ойлаған едім. Бірақ кейін есептей келе, қымыз өндірісінің тиімдірек болатынына көз жеткіздім. Жылқы өсіру үшін, екі-үш жыл керек. Ал сусын өндірісімен тұрақты түрде айналысуға болады», - дейді кәсіпкер.

Көп өтпей Тимур Мұратбеков өз өнімін сертификаттап, қымызды бөтелкеге құю жөнге салынады, этикеткасы жасалады. Бүгінде өнім Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданындағы бірқатар сауда нүктелерінде сатылады. Сауылатын үйір 20 биеден тұрады, тәулігіне 100 литрге жуық қымыз өндіріледі.

Кәсіпкер кезінде мемлекеттен жеңілдікті мөлшерлеме бойынша кредиттеу түріндегі қолдау алған болатын, оның үстіне фермер субсидия алады. Бүгінгі таңда оның жүздеген гектар жері бар. Өндіріске, маусымға байланысты, 15 адамға дейінгі жұмыс күші тартылған. Алайда өндірісін толық көлемде өрістету үшін әлі де көмек қажет.

«Өнімімізді шетелде өткізу үшін рұқсат ету құжаттары қажет. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік құрылымдар жәрдемдесуі қажет деп ойлаймын. Қымызды шетелге апару үшін, бізге сертификат керек», - дейді бизнесмен.

Болашақта өндірісті кеңейту жоспарлануда. Цехты тұрғызу, жабдық сатып алу, сауылатын бие басын көбейту керек. Сонымен қатар, Тимур Мұратбеков қымызды ұнтақ түрінде қайта өңдеу желісін жөнге салуды жоспарлап жүр. Бұл шетелдік нарыққа шығар жол тапқан жағдайда қажет, алайда қолдау болмайынша, ешқандай перспектива жоқ.

«Кеңейту жоспарда бар. Кредит сұрап «ҚазАгроға», басқа да кредит серіктестіктеріне жүгіндім. Барлық жерде бір ғана жауап: «кепілдіктік мүлік жоқ». Осы жерде де түсіністік танытылса дейміз. Қазақстанда қымызды ұнтақ түрінде қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың бар екенін білемін», - деп назаланды кәсіпкер.

Әзірше кәсіпкер мемлекеттің қымыз өндірушілер түйткіліне назар аударатын сәтін күтіп жүр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер