astana-view

Жер арифметикасы

2015 жылғы 20 Тамыз
- Қостанай облысы
12467 просмотров

Жер телімін бизнеске және баспана ретінде қолдануға қалай бөлу керек? Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары орталық аппараттағы әріптестерімен және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен бірге осы сұрақтың жауабын табуға тырысады

Түйткіл Қазақстанда әлі күнге дейін жеке меншіктегі жер телімін бөлу процедурасының айқын реттемесі болмауымен байланысты. Мәселен, бизнесмен үйінің жанына қоғамдық монша немесе дәмхана салуға шешім қабылдайды. Жерді функционалдық аймақтарға бөлу салдарынан олар бір учаскеде орналаса алмайды: үй – тұрғын аймағы, монша және дәмхана - коммерциялық.

Бір ғана жол бар – әрбір бөлікке өзінің нысаналы мақсатын берумен телімді бөлу. Алайда тәжірибеде мұны істеу соншалықты оңай емес.

«Кәсіпкер жер қатынастары бөліміне келген кезде, оған жедел тәртіпте көмек бере алмайды. Бөлу мәселесін жер комиссиясы шешеді, оған қоса жерге орналастыру жобасын дайындау қажет. Мұның бәріне екі ай кетіп қалуы мүмкін. Яғни іс жүзінде жер қолында болғанмен, бұл процедура қожайынның жаңа жер телімін алғанымен бірдей», - дейді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әнуар Қожахметов.

Биылғы жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП ұсынуымен жердің нысаналы мақсатын өзгерту процедурасы жеңілдетілді және көп дегенде 1 айға қысқартылды. Нәтижесінде бизнестің қызмет бейінін ауыстыруы жеңілдеді. Алайда телім біреу болып, мақсат бірнеше болатын жағдайды әлі күнге дейін ыңғайлы деп айтуға болмайды.

«Кәсіпкерлеріміз банк алдында бизнесінің бір бөлігін кепілге қойғылары келгенде де қиындыққа тап болған. Мәселен, үш өндірістік қойманың орнына біреуін. Бірақ бұлай да жасауға болмайды, себебі жер біреу, ал бұлай бөлу процедурасы реттемеленбеген», - деп баса көрсетті Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әнуар Қожахметов.

Қостанайлық бизнесмендер Палатаның процеураны заң жүзінде жүзеге асыруын және жеңілдетуін сұрайды. Ең дұрысы – оны Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алуға болатын мемлекеттік қызмет түрінде жасау.

Облыстық Палата сарапшылары барлық ұсыныстарды «Атамекен» Ұлттық палатасына жолдады. Аталмыш түйткіл «Мәселелер тізіліміне» жүйелік түйткіл ретінде енгізілді және сәйкес шешім қабылдау үшін Ұлттық экономика министрлігінің қарауында жатыр. Бүгінгі таңда тізілімде 422  түйткіл бар, оның ішінде 14 – қостанайлық бизнестен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер