astana-view

Құқығыңды соңына дейін қорға!

2015 жылғы 24 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
10864 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы сот шешімі шығарылып қойғаннан кейін де бизнестің құқығын қорғауға көмектеседі

Батыс Қазақстан облысы Көлік бақылау инспекциясы «Логистик групп» ЖШС-ға қатысты автокөлік құралы жол берген салмақ өлшемдерінің асырылуы бойынша әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама жазады.

Оған Ақмола облысы Талапкер ауылындағы арнайы автоматтандырылған өлшеу құралымен (ААӨҚ) жүргізілген тіркеу деректері бар салмақ бақылау орнының инспекторлары жазған хат негіз болады. Айыппұл салынған компания директоры Владимир Бровко берілген бұзушылықтармен келіспей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, қарсылық енгізу үшін көлік прокуратурасына жүгінуге жәрдем көрсетуді сұрайды.

Осы сәтте Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында көлік бақылау инспекциясының материалын қарау өтіп жатқан еді. Әкімшілік айыпұл салу туралы шешім Батыс Қазақстан облысы азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында да расталады.       

Палата сарапшылары Оралдық Көлік прокуратурасына Батыс Қазақстан облысы Көлік бақылау инспекциясының әрекетіне құқықтық баға беруді, іс материалдарын қайта қарауды және әкімшілік жаза қолдану үшін жеткілікті негіздеме ретінде ААӨҚ көрсеткіштерін қолданудың заңдылығын белгілеуді сұрап жүгінеді.

Аумақтық көлік прокуратурасы Бас көлік прокуратурасына БҚО Кәсіпкерлер палатасының «Логистик групп» ЖШС-н әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы бірінші және апелляциялық инстанция соттарының шешімдеріне келіспейтіні туралы өтініш жолдады.

Бас көлік прокуратурасы арнайы автоматтандырылан өлшеу құралының (ААӨҚ) стандарт талаптарына сәйкес келмейтінін анықтап, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің атына ұйғарым жолдады. Комитет төрағасы бұйрық шығарып, оған сәйкес жоғарыда келтірілген ААӨҚ  тоқтатылып, олардың көрсеткіштерінің күші жойылды.

Осыған орай Палата заңгерлері қайта ашылған мән-жайлар бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы мәлімдеме даярлады. Осылайша, Палата кәсіпкердің құқығын қорғап қалды.

«Кәсіпкерлер палатасы жайлы көп естідім. Бірақ «Атамекен» Ұлттық палатасына жүгіну қажеттігі туындайды деп ойламаппын. Бірақ осы түйткілдер орын алған кезде, шынайы көмектесетін Палата сарапшыларынан өзге ешкімді таппадым», - дейді «Логистик групп» ЖШС директоры Владимир Бровко. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер