astana-view

Консультация алынды - бизнес кеңеюде

2015 жылғы 27 Тамыз
- Ақмола облысы
9067 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы сарапшыларымен ынтымақтастық бизнес алдында жаңа даму келешегін ашты

Бурабай ауданы Қымызнай ауылының кәсіпкері Талғат Тәшіков бизнесін кеңейту мәселесін қолға алды. Ол 2003 жылы өсімдік шаруашылығын игеруге бел буады: "Айдын" шаруа қожалығын ашып, іске кіріседі. Егістік ауданы шағын - 62 гектар. Онда Талғат астық тұқымдастар егеді. Фермер уақыт өте келе өндірісін әртараптандыру қажет деген қорытындыға келеді. Ол қосымша бағыт ретінде мал шаруашылығын таңдап алады. Бүгінде оның шаруашылылығында 160 бас ірі қара бар.

«Бір бидаймен алысқа бармайсың. Шабындық жер бар, демек, мал шаруашылы үшін база бар деген сөз. Ірі азық даярлау үшін пішен шабатын машина сатып алдым. Өз шаруашылығым үшін де, сату үшін де шаба бастадым. Техника, өкінішке орай, ескі, содан жаңа нысандардағы жұмысқа шама келмеді. Ал трактор сатып алуға бос жатқан ақшам болмады», - дейді шаруа.

Талғат кеңес сұрай келген Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы жағдайдан шығар жолды меңзеді. Сарапшылар өтінімді дұрыс ресімдеу, құжаттар пакетін жинау жолдарын түсіндірді. Оған Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының «Мурабаха» бағдарламасына қатысуға кеңес берілді. Талғат бір ай ішінде шамамен 4 миллион теңге мөлшерінде қарыздық қаражат алды. Қазір қарыздық қаражатқа алынған трактордың арқасында кәсіпкердің азықты даярлаудың оңтайлы көлемін игеруге мүмкіндігі бар.


Ұқсас жаңалықтар:

«Азимут» - дұрыс бағыт
18 Қараша
2015
Ақмола облысы
Жергілікті нан әкелінетін наннан арзанырақ
18 Қараша
2015
Батыс Қазақстан облысы
Адамның жасы іске кедергі болмайды
27 Қазан
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер