astana-view

«Ақсуаттың» жоспары көп

2015 жылғы 02 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
13702 просмотров

Ауылшаруашылық өндіруші тәуекелді егіншілік аймағы жағдайында күн көруде

Болат Жұмағалиев – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіндегі «Ақсуат» атты шаруа қожалығы мен ЖШС басшысы. Шаруашылықта жергілікті он тұрғын еңбек етіп жатыр. Маусым кезінде олардың саны жиырмаға жетеді.

Компания шөпті немесе сабан дестесін іріктеуге, оларды кендіржіппен орамалауға арналған жинағыш-сыққыштарды құрастырумен айналысады. Машина құрамдастары Беларусьтан әкелінеді, ал құрастыру мен техниканы бояу осында жасалады. Аталмыш біріккен кәсіпорын басшысының орынбасары Бауыржан Тілекқабыловтың айтуынша, биылғы жылы «Ақсуат» ЖШС облыста отыздан астам жинағыш-сыққышты өткізген.

«Ақсуат» шаруа қожалығының жері, аудан өлшемі бойынша шағын, бар-жоғы 700 гектар. Мұнда астық тұқымдастар мен көпжылдық шөптер өсіріледі. Биылғы жыл астықсыз деп саналса да, жергілікті егіншілер бір гектардан 10 центнерден астам арпа алуды жоспарлап отыр. Басқа дақылдардың өнімі, өкінішке орай, онша көңіл қуантпайды.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының Теректі ауданындағы филиалының директоры Нұрбек Айтбаев кәсіпорын және оның басшысы жайлы ойын жеткізді.

«Болат Жұмағалиевтің шаруашылығы мен компаниясына жан-жақты қолдау көрсетеміз», - дейді Нұрбек Айтбаев. – «Оның жобаларын сүйемелдейміз, консультация береміз, қорларда, банктерде олардың жобаларын қорғаймыз. Біз үшін ауданда мұндай өндірістердің барынша көп болғаны маңызды. «Ақсуат» - жоспары көп, дамып келе жатқан ауылдық бизнестің жарқын үлгісі».

«Ақсуаттың» жоспарлары көп екенін атап өту керек. Биыл ет өндіретін мал шаруашылық фермасы әрекетке қосылады. Ол үшін бастапқыда көрші Қаратөбе ауданынан қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасы сатылып алынды. Әзірше бұрыннын бар базаны мал шаруашылық фермаға қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Күзге қарай мал толығымен әкелінеді. Сонымен қатар кешен аумағында қыста іске қосу жоспарланып отырған керамзит-блоктар әзірлейтін цех салынуда.

Орал маңының тәуекелді егіншілік аймағына жататындығына қарамастан, «Ақсуаттықтар» болашақта егіс алаңдарын кеңейтуді және мал басын көбейтуді, суарылатын жер сатып алды жоспарлауда. Олардың жоспарлары іске асса, ауыл тұрғындарының экономикалық және әлеуметтік өмірі жақсаратыны сөзсіз. Ауылдық кәсіпкер мүддесінің сан алуандығын ескере отырып, Палата филиалы «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» жинағын сыйға тартты.


Ұқсас жаңалықтар:

Жастар ауылдан кетіп қалмасын
7 Қазан
2015
Павлодар облысы
Майдандасудан – мәмілелесуге
13 Тамыз
2015
Жетісу облысы
Кәсіпкерлерге арналған түрткі
13 Тамыз
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер