astana-view

Басқару ғылымы

2015 жылғы 03 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
13003 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасында ұйымдарда менеджмент жүйесін сертификаттау және енгізу және жұмыс орындарын аттестаттау түйткілдеріне арналған семинар өтті. Семинарға өңірдегі ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

«Kazkom Life» АҚ мамандары сақтандыру заңнамасындағы жұмыскерлердің еңбек міндеттемелерін орындау кезіндегі қайғылы оқиғалардан міндетті сақтандыруға қатысты маңызды жаңалықтар туралы баяндамалармен сөз алды.

«Бүгінгі таңда, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі қарсаңында, ұйымның еуропалық стандарттар бойынша бизнес жағдайларына бейімделу мәселесі өзектеніп тұр. Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі мүдделі тараптардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсартып отыру үшін жұмыс жасайды. Экономиканың барлық салаларындағы сертификаттау әлемдік нарыққа шығуға міндетті шарт болады», - деп атады ӨКП директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гүлжан Қаламқали.

Семинар кәсіпорындарында сапа менеджменті жүйесі енгізілген және ойдағыдай қызмет жасап тұрған мамандардың да, жұмысы бастапқы сатыда жатқандардың да қызығушылығын тудырды.

Қатысушылар оқытудың мазмұндылығын және дәріскерлердің кәсіпқойлығын атап өтті. Олар мұндай пайдалы крустардың міндетті түрде жалғасын табарына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер