astana-view

Азамат Корейко, декларация тапсырыңыз!

2015 жылғы 07 Қыркүйек
10792 просмотров

2017 жылдан бастап ересек салық төлеушілер өз мүлкін, табысын, ал кейбірі шығыстарын да декларациялауға міндетті болады

ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан азаматтарының ақша қаражатын, жер телімдерін, капиталдарын, депозиттерін және тіпті қарыздарын жалпыға ортақ декларациялауына кезең-кезеңмен көшуді көздейтін ең аты шулы заң жобасының презентациясы өтті. Заң жобасының ресми атауы - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы».

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутаттарға болашақ декларациялаудың негізгі белгілері туралы қысқаша ақпарат берді.

Сонымен, басты мәселе: Қазақстанда декларациялауды қашан бастау ұсынылып отыр? Бірінші кезең -2017 жыл. Биыл өз активтері мен пассивтерін мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар қызметкерлері, бюджетте еңбектенушілер декларациялайды.

2020 жылдан бастап декларациялауды барлық жеке тұлғалар үшін енгізеді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов берген деректер бойынша, 2020 жылы аз дегенде 12,9 млн салық төлеуші декларация тапсырады деп күтілуде.

Жалпыға ортақ декларациялау қандай мақсатта енгізіліп отыр? Жауап дайын – «салық салудан жалтаруды анықтау және көлеңкелі экономика мөлшерін төмендету мақсатында».

«Өкінішке орай, елімізде әрекет ететін әкімшілік ету жүйесі барлық жеке тұлғалардың табысы мен мүлкінің шыққан көзін тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, себебі табыс және мүлік туралы декларацияны тұлғалардың шектеулі тобы ғана тапсырады (мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, судьялар). Сондықтан да жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға ортақ декларациялауға көшу туралы шешм қабылданды», - деп атады қаржы министрі.

Декларацияның өзі екі түрлі болады. Біріншісі – активтер мен міндеттемелер туралы декларация (кіріс). Екіншісі – табыс және мүлік туралы декларация (жыл сайынғы декларация). Соңғы құжат екі нұсқада – қосымшамен және қосымшасыз, бір парақта жеңілдетілген формада ұсынылады (табыс және мүлік туралы қысқаша декларация). Сонымен бірге декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер тізбесі заң жобасында көзделген, ал декларация формалары Заң қабылданғаннан кейін бекітілетін болады.

Табыстарын Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматтары, оралмандар және ықтирхатқа ие тұлғалар, өзіне тіркелген мүлкі болған жағдайда кәмелетке толмаған тұлғалар (декларация ұсыну міндеттемесі кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі), шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі болса немесе Қазақстан Республикасынан алған салық салынбаған табысы болса, декларациялауға тиіс болады.

Мемлекеттік табыс органдары салық төлеушелірден қандай ақпарат алғысы келеді? Оларды бірінші кезекте мүлік туралы ақпарат қызықтырады (ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері, көлік және басқалары). Сонымен қатар, мемлекеттік табыс органы салық төлеушіде декларация тапсыру кезінде заңдастырылған ақшаны қоспағанда, ең төменгі еңбекақының (қазір бұл 3,4 млн теңге) 160 еселенген мөлшерінен аспайтын сома шегіндегі қолма-қол ақша қаражаты бар-жоғын анықтайды.

Салықшылар бізден депозиттер мен кредиттер туралы ақпаратты күтеді. Сонымен бірге жеке тұлғаның шетелдік банктер бойынша ғана деректерін өз бетінше декларациялауы ұсынылады. Қазақстандық банктердегі депозиттері мен кредиттері бойынша мәліметтерді толтырмау ұсынылады (Мемлекеттік табыс комитеті ол туралы онсыз да білетінін түсінеміз). Ең төменгі еңбекақы (3,4 млн теңге) 160 еселенген мөлшері сомасынан асып кеткен жағдайда, шарт немесе басқа құжат болғанда, сонымен қатар салық органдары мүддесі саласындағы жеке тұлға алдындағы басқа тұлғалардың қарыз сомасы  немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы қарызы туралы ақпарат.

Жеке тұлға қалаған жағдайда мәдени құндылық немесе құнды заттар түріндегі басқа да мүлікті көрсетуге құқылы.

Салықшылар Қазақтан аумағында да, одан тысқары жерлерде де алынған табысты жыл сайынғы декларациялаудың маңыздылығын көрсетті. Дайындаушылар сонымен қатар жеке тұлғалардың декларацияда салық шегерімдері жайлы ақпаратты, мемлекеттік тіркеуге тиесілі мүлікті сатып алу немесе сату жөніндегі мәліметтерді, және де жеке табыс салығы бойынша есепке алу мен артығын қайтару жөніндегі талап етулерді көрсетуін ұсынады. Сонымен қатар қазақстандықтардың шығыстарын да көрсетуі ұсынылады, бірақ бұл тек жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, қатысу үлесін және басқаларын сатып алу сияқты көлемді шығындарға қатысты болады.

Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары қосымша мұндай шығыстардың көзін декларациялауға міндетті болады (жеке қаражаты, қарыздық қаражат, өтеусіз алынған қаражат).

Риторикалық сұрақ: мұндай жаппай тұрғыдан келуде шенеуніктеріміздің арасындағы астыртын миллионерлер саны азаяр ма екен?

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер