astana-view

Қала құрылысы кодексі қажет!

2015 жылғы 08 Қыркүйек
9711 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылысшылар үшін кодификацияланған акт дайындау жөніндегі бастамасына қолдау көрсетті

ҚР Ұлттық экономика министрлігі аталмыш мәселе бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу қажет болатынын атай отырып, Ұлттық палатаның Қазақстандағы құрылыс қоғамдастығының құрылыс және қала құрылысы мәселелері бойынша салалық кодификацияланған акт қабылдау қажеттігі туралы жинақталған ұстанымын көрсететін ұсынысын құптады.

Осы жылдың тамыз айында Ұлттық палата Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне салалық кодекс дайындау бойынша және, сәйкесінше, қазір дайындалып жатқан «2017-2021 жылдарға арналған Заң жобалары жұмысының Тұжырымдамалық жоспарын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес толықтыру енгізу қажеттігі туралы бастамамен хат жолдады.

Қазір ҰКП Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы базасында құрылыс саласындағы шығыс-рұқсат құжаттарын ресімдеу және беру процедураларын тәртіпке келтіру мақсатында «Құрылыс салудың бірыңғай үлгілік ережелерін» дайындау жөнінде жұмыс тобын құрғаны белгілі.

Жұмыс тобының құрмына ҰКП, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, әкімдіктер мен құрылыс ұйымдарының өкілдері кірді.

Жұмыс тобына қатысушылар заңнамалық актілер нормаларының бытыраңқылығына көптеген мысалдар келтіреді. Әрекеттегі салалық заңнама, атап айтқанда, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы тікелей әрекет ететін акт болып таныла алмайды, себебі оларды жүзеге асыруға жүздеген кіші заң актілері қабылданған. Бұл құқық қолдану тәжірибесінде қайшылықтарға әкеледі және азаматтар үшін де, инвесторлар үшін де заңнамалық нормаларды түсінуде асу бермес кедергіге айналады. Заңнаманы түбегейлі жақсарту әрекеттегі Заңның басты қағидалары мен ұстанымдарын қайта қарауды болжайды.

Осылайша, ҰКП және құрылыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ҚР Қала құрылысы кодексі жобасын дайындаудың мақсатқа лайықтылығы әрі өзектілігі жайлы бірыңғай ой білдіріп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер