astana-view

Басты назарда – аудан

2015 жылғы 08 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12387 просмотров

Палата өңірлік бизнесті «көтеруде»

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашевтың қатысуымен аудандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңесте ауданда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Қармақшы ауданы – бизнес көзқарасы тұрғысынан облыстағы ең әлсіз дамыған аудандардың бірі. Сондықтан да, кеңес отырысындағы күн тәртібінің бірінші тармағы кәсіпкерлік қызметтің бұрыннан келе жатқан субъектілерін дамыту және жаңаларын ашу болды.

Бизнес қоғамдастық өкілдері дамуға кедергі болып отырған әкімшілік кедергілер тақырыбын, сонымен қатар жаңа валюта саясатымен байланысты жағдайға қатысты мәселелерді талқыға салды.

Аудан әкімі қармақшылықтардың дамуы үшін және кәсіпкерлік әлеуетті жүзеге асыру үшін бар жағдайдың жасалғанын атады, сонымен қатар қызмет көрсету саласындағы бизнес жайғасымын күшейтуді ұсынды.

Палатаның аудандық филиалы бүгінгі күнге дейін 425 азаматқа түрлі сипаттағы 605 қызмет көрсеткенін атап өтеміз. Жалпы сомасы 138,7 млн теңгеге 28 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде қалааралық тасымалдау, автомобильдерді жөндеу қызметтерін ұсынуға маманданған кәсіпорындар, наубайхана, шұжық цехы, жарнама агенттігі, мал шаруашылығы фермасы, мал жемдейтін орын, жылыжай және т.б. бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер