astana-view

Мәжіліс салалық одақтардың дербестігін қолдайды

2015 жылғы 09 Қыркүйек
8978 просмотров

Парламенттің төменгі палатасында өткен алқа отырысында «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы мақұлданды

Заң жобасының басты мақсаты – жеке және заңды тұлғаларға өздері жүзеге асырып жатқан, өзін-өзі реттейтін ұйымға еркін немесе міндетті мүшелікке негізделген кәсіпкерлік немесе кәсіби қызметті өз бетінше реттеу мүмкіндігін беру. Басқаша айтқанда, егер кәсіпкерлер тобы заңды мүдделерін қорғау үшін салалық қауымдастық құратын болса, онда бұл мемлекеттің оларға өз талаптарын қоя бастайтындығын білдірмейді. Одақтар, қауымдастықтар, альянстар құрылтайшыларының осы ұйымдардың тіршілік етіп, жұмыс жасауды жоспарлап отырған ережелерін бекітуі қажет.

Атап айтқанда, құқықтық мәртебе, қызметтің базалық принциптерін, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу, сонымен қатар олардың құрылу тәртібі, ондағы лауазымды тұлғалардың сайлануы және жауапкершілігі жайлы сөз болып отыр. Заң жобасы осындай өзін-өзі реттейтін ұйымдардың «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындыларын алуын ұйғарады.

Заң жобасының одақтарға, қауымдастықтарға, кәсіпкерлер альянсына тұтынушыға ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер сапасына кепілдік беруін ұйғаратын нормасын принципті деп атауға болады.

Кәсіпкерлер тарапынан болатын аталмыш кепілдік әрбір мүшенің (қатысушының) әрекеттері үшін бердей жауапкершілікпен шартталған, себебі бұл өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен оның мүшелерінің тұтынушылар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып табылады.

Осы заң жобасын тудырған Ұлттық экономика министрлігі құжат отандық тауарлар, жұмыстар және қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді деп пайымдайды.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда, яғни баптары бойынша талқылаусыз мақұлдады. Екінші оқылым барысында өзін-өзі реттейтін ұйымдарға арналған ережелерді мәндік талқылау күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер