astana-view

Палата кеңес береді

2015 жылғы 10 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
11306 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» курстарында жаңа бизнес-жобалар туып жатады

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Дарьинск кентінде «Бизнес-Кеңесші» тегін жедел курсының кезекті кезеңі өтті. Енді аталмыш курстар облыстың әрбір ауданында өткізілуде.

«Бизнес-кеңесші» курсы облыстағы әрекеттегі және әлеуетті кәсіпкерлердің білім деңгейін және біліктерін көтеру, жеке бизнес құру, кәсіпкерлік қызметті тиімді түрде жүргізу міндеттерін шешеді. Кәсіпкерлер палатасы крусты жүргізу үшін тәжірибелі тренерлер Салтанат Исимова мен Нұрлан Әбдрахмановты тартты. Олар оқу барысында теориялық білім беріп қана қоймай, іскер ойындар әдісімен тәжірибелік есептер де шығарды.

Семинарлар барысында тыңдаушылар бизнес идеяны дұрыс таңдауға, бизнес-жоспарлауды дұрыстап айқындауға үйренді. Крустарды тыңдаушылар пікірінше, маркетинг жөніндегі курс блогы өте пайдалы болған. Сонымен қатар болашақ және әрекет етуші бизнесмендер қызметкерлерді жинауда мақсатты қалай дұрыс қою керектігін, сонымен қатар тексеруші органдармен, екінші деңгейлі банктермен жұмыс жасау жолдарынан хабардар болды.

Оқыту процесінде барлық тыңдаушыларға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материалдары, сонымен қатар ісін бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерге арналған қажет құжаттардың стандартты пакеті берілді. Екі күндік оқу соңында барлық тыңдаушылар сауалнамадан өтіп, курсты аяқтаған соң сертификаттарға ие болды.

«Бизнес-кеңесші» курсының сертификатына ие болған Айбар Тасмағамбетов дәмхана ұйымдастыру жөніндегі стартап-жоба әзірлеп, Палата филиалының көмегімен Бірыңғай даму және бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша кредит қаражатын алуға қажет құжаттарын жинап шықты. Бүгінгі күні кәсіпкер жобасы банк қарауында жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер