astana-view

Басқаруға берілді

2015 жылғы 11 Қыркүйек
8736 просмотров

Мемлекеттік мүлікті тиімді түрде басқаруға болады

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде республикалық меншік нысандарын сенімгерлікпен басқарушылардың есептері тыңдалды.

Компаниялар  «Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал Халықаралық әуежайы» АҚ жылжымайтын мүліктерін, «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай Халықаралық әуежайы» АҚ, «Петропавл Халықаралық әуежайы» АҚ, «Көкшетау Әуекомпаниясы», «Шымкент Әуежайы» және «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ  мемлекеттік акция пакеттерін басқару тәжірибесімен бөлісті.  Есептерді тыңдауға Ұлттық палата қызметкерлері мен басшылығы қатысты.

Бірқатар есептердің стратегиялық және қаржылай жоспарлау, инвестициялық бағдарламалар дайындау, ресурстық жоспарлау жағынан түзетуді талап ететіні аталды. Ведомствоаралық комиссия мүшелері сенімгерлікпен бақарушылардың есептерді жасауда басқару тиімділігінің шынайы нәтижелері мен көрсеткіштеріне бағдарлануы қажет екенін көрсетті.

«Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ басқару жөніндегі есебі ерекше аталды:

  1. «Әулие-Ата» Халықаралық әуежайы» АҚ анықтамасы (ақпаратпен мына жерде танысуға болады)
  2. «Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ басқару жөніндегі есебіне түсіндірме жазба (ақпаратпен мына жерде танысуға болады)
  3. «Әулие-Ата Халықаралық әуежайы» АҚ мемлекеттік мүлкіне мониторинг есебі.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер