astana-view

Барлығы бірдей жосықсыз болуы мүмкін емес!

2015 жылғы 14 Қыркүйек
10158 просмотров

Ресейлік кеденшілердің қазақстандық автотасымалдаушылар атына жасаған айыптаулары айғақтармен расталған жоқ 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында РФ Федералдық кеден қызметінің қазақстандық жүк көліктерін ұстап тұру жайлы мәлімдемесіне түсінік берілді – барлық тасымалдаушылар, шамамен 150 тасымалдаушы бірдей жосықсыз болуы мүмкін емес!

«15 – бұл 150 емес! 150-ге жуық тасымалдаушының кенеттен «жосықсыз» болып шығуы мүмкін емес қой. Егер осы 150 жосықсыз әрекет еткен болса, олардың бұзуларын көрсетіңіздер», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП экономикалық интеграция департаментінің директоры-басқарушы директоры Дана Жүнісова баспасөз конференциясы барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Қазақстандық тасымалдаушылардың босатылғанына қарамастан, аталмыш мәселе шешілді деп нақты айтуға болмайды, деп баса көрсетті Дана Жүнісова. РФ ФКҚ басшылығы кеденде қазақстандық жүк көліктерін ұстап қалудың заңдылығын дәлелдейтін ешбір дәлел келтірмеді. Ресей Федералдық кеден қызметі ҰКП сұрауына әлі күнге дейін ресми жауап берген жоқ.

«Тасымалдаушылардың хабарлауынша, ішкі кеден бекеттерінде машиналар жинақталуы жоқ. Олармен күн сайын хабарласып отырамыз. Самара, Саратов, Новокуйбышевск, Тольятти, Соль-Илецк бекеттерінде тұрған машиналардың бір бөлігін кедендік тексеру жүргізусіз босатқан. Бұл ақпаратты жұма күні кешкілік алдық», - дейді Дана Жүнісова.

«Сustoms.ru сайтына шығарылған түсінікті есептемесек, ФКҚ ресми ұстанымын ақыры жарияламады. Әкімшілік шара қолданылды деген 15 тасымалдаушы жайлы деректерге қатысты айтсам. Мұны тек жеке жағдай деп санаймын: жосықсыз тасымалдаушылар барлық жерде де бар. Ал 3 қыркүйектен бастап ішкі кеден бекеттерінде машиналарымызды жүйелік ұстап тұру орын алды», - деп жалғады сөзін ол.

Дана Жүнісова егер тасымалдаушылар шығындарын өтеу мәселелерінде жәрдем сұрап ҰКП-ға жүгінетін болса, Палата қажет көмекті көрсетеді деп баса көрсетті. Алайда әзірше кәсіпкерлерден ондай өтініштер болған жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер