astana-view

«Атамекен» ҰКП жер қойнауын пайдаланушылардың ірі жобаларындағы қазақстандық мазмұнға қол жеткізбекші

2015 жылғы 18 Қыркүйек
- Атырау облысы
9164 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының басшысы Тимур Құлыбаев бүгінде ҰКП алдында тұрған міндеттерді белгіледі.

«Атырау облысында маңызды оқиға орын алды: келесі жылдың көктемінде ТШО (Теңізшевройл) жоба бастайды. Бұл бизнес үшін көлемді драйвер болмақшы. Атырау мұнайды қайта өңдеу зауытын модернизациялау жұмысы, келесі жылдың соңында іске қосылады деп күтіліп отырған Қашағандағы жұмыс жалғасуда, сондықтан да мұнай сервисі, машина жасауда жұмыс жасайтын барлық компаниялар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Мұнда жер қойнауларын пайдаланушылармен тығыз жұмыс жасау керек. Мұндағы мемлекеттік сатып алулар мәселелері – бұл ҰКП алдында тұрған міндеттердің бірі», - деді Тимур Құлыбаев Палата басшылығының Атырау облысы өңірлік кеңесімен кездесуінде.

Ол таяу арада «Самұрық-Қазына» қорымен келісулерге қол жеткізілетінін атады. «Онда екі құрал бар. Бірі – бұл ұзақ мерзімдік келісімшарттар. Өндірісті модернизациялауды ойластырып жүргендер үшін ұзақмерзімдік келісімшарттарға қол жеткізбекшіміз. Екіншісі – бұл біздің қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау үшін, адал жеткізушілер тауарлары мен қызметтерінің тізімі. Ұлттық компаниялар сатып алулар жүргізу кезінде де адал ниетті жеткізушілер тізімі мен баға мәселелері міндетті түрде ескерілуге тиіс. Бүгін тіпті «Қазмұнайгаз» басшысының өзі былай дейді: сорғыларды бір жерден бір бағамен, екінші жерден басқа бағамен сатып алады, оның үстіне бәрі бір компания. Мониторинг орталығы және жеткізушілердің адал ниеті – бұл біз дайындауға тиіс екі құрал», - деді Төралқа басшысы.

Ұлттық палата алдында тұрған мәселелердің екінші бір маңызды блогы, Тимур Құлыбаевтың айтуынша, бұл өңірлік даму картасы.

«Аудандардың мамандануын айқындау қажет. Өңір – бұл макро деңгей. Әрбір аудан үшін нені өндіру қажет екенін анықтау қажет. Егер біз әрбір облыста бірнеше жобаны жылжытар болсақ, бұл ҰКП-ның индустрияландыруға қосқан үлесі болады», - деп баса айтты ол.

Төралқа басшысы атап өткендей, мамандану сондай-ақ ауылшаруашылық секторды да, тамақ өнеркәсібін де, машина жасауды да, қызметтер саласын да қозғауға тиіс.

«Жалпы, қолдау көрсете алатын жерлерде барлық мәселелер спектрі бойынша мұны жасауға тиіспіз. ҰКП міндеті неде? Осы жобаларды алу, сүйемелдеу, кадрларды жаярлауда да, қолымыздан келетін мемлекеттік қолдау шаралары жөнінен де, қаржыландырумен де көмектесу керек. Бұл әлеуетті инвесторларды іздеуге тиіс Сыртқы сауда палатасына да жүктелмекші», - деп түсіндірді ол.

«Жәрмеңкеге көбінесе жай ғана бара салатынын білесіздер, көрсететін ештеңе жоқ. Бір мысал келтірейін: Ақмола облысында комбайн шығаратын зауыт ашылып жатыр, көршілес Солтүстік Қазақстанда – дәл осындай өндіріс. Оның үстіне бұл түрлі фирмалар. Содан сервис, қосалқы бөлшектер бірегейлігі және т.б. жоқ болып шығады. Үкімет кез-келген тұста үнемдейтін болады. Субсидиялар бұрын оңды-солды берілді. Мұндай ұқыпсыздық болмауға тиіс. Біз, бизнесмендер ретінде мемлекетке өзіміз тіршілік етуге қабілетті деп есептейтін тиімді жоба ұсынуымыз керек. Өңірлік жобалар картасын дайындауға бар жауапкершілікпен кірісуге тиіспіз», - деп қорытты Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер