astana-view

Ақтөбе мен Орынбор сауда байланыстарын дамытуда

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
9029 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Орынбор облысының Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов пен СӨП президенті Олег Авдеев Ақтөбеде өткен «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» XIV қазақстандық-ресейлік халықаралық көрмесінің аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Келісім іскерлік байланыстарды дамытуда кәсіпкерлерге, ұйымдар мен фирмаларға жәрдем көрсету, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін, өңірлер арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейту мақсатында жасалды.

«Кәсіпорындарға, ұйымдарға және фирмаларға, туристік байланыстарды дамытуды қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтің барлық формаларын дамыту және тереңдету мәселелерінде біршама тиімді жәрдем көрсету үшін ынтымақтастықты дамытпақшымыз. Тегін негізде кәсіпкерлердің іскерлік байланыстарын ұйымдастырумен, іскерлік топтарды екі тараптың экономикасымен және экспорттық мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатына көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізумен айналысуды жоспарлап отырмыз. Қажет болған жағдайда мамандарды оқыту мен машықтандыру ұйымдастырылады», - деп хабарлады қол жеткізген келісулер жайлы Нұрлыбек Мұқанов.

Сонымен қатар тараптар бір-біріне сауда ынтымақтастығы бойынша коммерциялық ұсыныстар мен бірлескен ынтымақтастыққа мүдделі әлеуетті серіктестер тізімін, экспорт пен импорт номенклатурасын беріп отырады, бір-біріне сыртқы экономикалық қызмет, жүктерді кедендік ресімдеу, лицензиялаудың экспорттық-импорттық мөлшерлері саласындағы заңнамалық актілер туралы ақпарат ұсынып отырады деп болжануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер