astana-view

ОҚО шенеуніктері бизнесмендерге 2903 рет кедергі келтірген

2015 жылғы 25 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
16357 просмотров

ӨКП мен облыс прокуратурасының мемлекеттік органдардағы бірлескен тексерулері көптеген бұзуларды анықтады

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыс прокуратурасымен бірге жыл басынан бері оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтарын үш мыңнан астам бұзуды анықтады.

Оның ішінде 110 – қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тексеріс жүргізген кезде орын алған. Қалалық және аудандық әкімдіктер 2903 рет бизнесмендерге кедергі келтірген. ОҚО Кәсіпкерлер палатасында осы және басқа да деректер айтылды.

Мемлекеттік органдардың бизнесті тексеруі Оңтүстік Қазақстанда қайтадан талқылау мәні болып отыр. Биылғы жылы былтырғы мораторийден кейін қайта жаңғырған тексерістер бизнес субъектілерінде көптеген жаңа сауалдар тудырды. Оған Палатаға келіп түсіп жатқан мемлекеттік органдар әрекетіне шағымдар мен жүгінімдер куә.

Палата осыған байланысты мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының бизнес өкілдерімен кездесуін ұйымдастырып, бизнесті тексеру басты тақырыпқа айналды. Облыстық прокуратура, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің басқармасы, облыстағы Мемлекеттік табыс департаменті, облыстағы Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент басшылары қатысты.

Кәсіпкерлер өз түйткілдерін көтермей тұрып, Палатаның бақылау-қадағалау органдарымен бірге олардың түйткілдерін шешетіні, құқықтары бұзылғанда қайда жүгіну керектігі жайлы еске салынып кетті. Ал құқықтар өте жиі бұзылатын болып шықты. 

Палатаға жыл басынан бері құқықтарын қорғауды сұрап қана 179 кәсіпкер жүгінген, оның ішінде 98 жүгінім бизнесмендер пайдасына шешілген. Егер мұны ақшаға аударатын болсақ, онда кәсіпкерлердің 215 миллион теңгесі үнемделген!

Ең жиі орын алатыны жер телімдерін ресімдеу және ұсынумен байланысты бұзулар болып шықты. Жоғарыда аталған бұзулардың көпшілігі ОҚО КП мен ОҚО прокуратурасының бірлескен қызметі нәтижесінде анықталған.

«Біз мемлекеттік органдармен қарым-қатынастың барлық түрлерінде кәсіпкерлерді танытамыз, олардың мүддесіндегі мәселелер бойынша консультация береміз, - деп тағы бір еске салып өтті ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров, -  өткір толғақты мәселелерді талқылау үшін алаңдар ұйымдастырамыз, жеке меншік және жүйелік әкімшілік кедергілерді анықтап, оларды жою бойынша ұсыныстар енгіземіз, кәсіпкерлердің жүйелік сипатқа ие жеке мәселелерін Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңесте қараймыз және олар бойынша сәйкес ұсыныстар енгіземіз».

Палатаға бизнес түйткілдерін шешу бойынша бірқатар уәкілеттіктер берілген.

«Біз барлық консультативтік-кеңесу органдарына және комиссияларға қатысамыз, кәсіпкерлік қызметке қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға қатысамыз», - деп атады Асқар Әбубәкіров.

Сонымен қатар, Палатада жедел жауап қату үшін ОҚО прокуратурасымен бірге «Бизнеске жедел жәрдем» жобасы іске қосылған. Аталмыш жоба аясында прокуратураның мобильдік тобымен тығыз байланыс жөнге салынған. 2015 жылдың өтіп кеткен кезеңінде бірлескен сенім телефондарына (530-430) кәсіпкерлерден 25 дабыл келіп түсіп, ол бойынша мобильдік топ жедел сапар жасады. Расталған дабылдар бойынша заңсыз тексерістер нәтижесінде қозғалған қылмыстық істердің күшін жоюға дейінгі прокурорлық жауап қату шаралары қолданылды.

Кәсіпкерлер өтініштерін әуре-сарсаңға салмас үшін және артық төрешілдіксіз жұмыс жасау үшін, Палатада байланыс топтары құрылған (Шымкент қаласы әкімдігімен, Мемлекеттік табыс, тұтынушылар құқығын қорғау, ТЖ жөніндегі департаменттермен, МСҚБ, монополист компаниялармен бірге). Аталмыш топтар жыл басынан бері 84 өтінішті қарап, оның ішінде 65 кәсіпкерлер үшін оң шешімін тапты. Түйткілдер бір-екі күн ішінде шешіліп жатты! ҚР Бас прокуратурасы ОҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитет басқармасымен тығыз жұмыс жасай отырып, бизнесті заңсыз 241 тексеру анықталды және оның 87 алдын алды.

Бүгінде Палата бақылау-қадағалау органдарымен бірге кәсіпкерлерге көмекке бірнеше жобаны іске қосқан:

- ОҚО КП базасында салықтық және кедендік есептілік қызметтерін көрсету бойынша және E-Gov жүйесі бойынша онлайн-режимде барлық қолжетімді құжаттар мен рұқсаттарды алу бойынша сервистік орталық жұмыс жасайды;

- Бизнестің кез-келген мәселелері бойынша бірыңғай Call-centre құрылған, ол қазір мобильдік байланыс жүйесімен байланыстырылған, бұл Wats-app және басқа да желілер бойынша консультациялар мен жауаптар беруге мүмкіндік береді (тел.99 80 10, сот.8 702 323 10 10)   

Басқа бақылау-қадағалау органдарымен бірлескен іс-шаралар жоспарларының барлығы бір мақсатты көздейді – кәсіпкерлер құқығы мен мүдделерін қорғау. Палатада кәсіпкерлердің құқығы бұзылғанда қайда жүгінуі керектігі тағы бір еске салынды.

Кездесуде кәсіпкерлер айтқан түйткілдер арасында 2015 жылғы 1 қазаннан бастап бақылау-кассалық аппараттарды міндетті енгізу, тұтынушыларды құқықтық қорғау жөніндегі департаментте жасалатын сараптама тарифінің он есе өсуі, импорттық дәрі-дәрмектерге екі есе салық салу және т.б. мәселелер болды. Барлық мәселелер кездесу хаттамасына енгізілді және сәйкес инстанцияларға жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер