astana-view

Қазақстанда Арбитраждық палата құрылады

2015 жылғы 28 Қыркүйек
9580 просмотров

«Атамекен» ҰКП Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығы Кешенді даму жоспарының жобасын дайындауда

ҰКП Арбитражда және аралық сотта талқылау орталығының бас хатшысы Жұмабай Шәмшиев Арбитраж орталығы Басқару кеңесінің отырысында осылай деп хабарлады.

ҚР Парламенті Мәжілісінде қазір «Арбитраж туралы» заң жобасының қарауда жатқаны белгілі. Аталмыш жобаға сәйкес жаңа институт – Қазақстанның Арбитраждық палатасын енгізу көзделеді.

Аталмыш орган Қазақстан Республикасында арбитраждар қызметін жүзеге асыру үшін жағымды құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

ҰКП осыған байланысты Әділет министрлігімен және басқа да мүдделі органдармен бірге Арбитраждық палатаны құруға, алғашқы құрылтайшы кеңесті ұйымдастыруға, палата құруын қаржыландыруды пысықтауға, құрылтайшы құжаттарды дайындауға, дауларды соттан тыс реттеуге арналған жаңа құралдар мәселелері бойынша жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ат салысады. Жұмабай Шәмшиевтің айтуынша, жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы ААТО Кешенді даму жоспарының жобасына кіргізіледі.

«Арбитраждық қызметті жетілдіру мақсатында арбитраждық қызмет түйткілдерін (отандық және шетелдік тәжірибені) зерттеу жөніндегі ғылыми-тәжірибелік шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зерттеу нәтижелерінің негізінде ҰКП басшылығына түбегейлі сипаттағы ұсыныстар даярланады. Сонымен қатар арбитрлардың сапалық құрамын қайта қарау және оқыту семинарлары арқылы олардың біліктілігін көтеруді қамтамасыз ету ұсынылады, ААТО арбитрлары ретінде тәжірибелі мамандарды тартуға ынталандыру шарттарының пакеті дайындалады», - деді ҰКП Абитражда және аралық сотта талқылау орталығының бас хатшысы Жұмабай Шәмшиев.

Оның айтуынша, ААТО сонымен қатар жұмыс топтарына және арбитраж қызметімен байланысты заң жобалары бойынша қорытындылар даярлауға, арбитрлар үшін Этика кодексін дайындауға қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер