astana-view

Жарнама сараптамасына бір ай

2015 жылғы 28 Қыркүйек
9728 просмотров

Қазақстанда дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техникалар жарнамасының қағидалары қайта қаралды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ескертеді: дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарға арналған теледидар, газет, радио және өзге де жарнама түрлері үшін жаңа қағидалар бекітілді.

Жарнамаға қойылатын талаптар он тармаққа сыйып кеткенін атап өту керек. Мысалы, дәріханаларға келушілер мен ауруханалар пациенттерін сауда атауы, дәрі құрамына кіретін белсенді құрамдастар жайлы мәліметтер, пайдалануға ұсынылатын негізгі көрсеткіштер, қолдану тәсілі мен мөлшері, және де негізгі жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері, сонымен қатар сату шарттары сияқты заттаңбаға жазылатын міндетті ақпарат қуантары анық. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінде қазақстандықтардың медициналық тауарды жеткізген өндіруші немесе дилердің атауын, мекенжайын білуі, нөмірін, берген күнін және сатуға құқық беретін тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін тексеру мүмкіндігі болуы тапсырылған. Министрлік сонымен қатар жарнамаланатын тауардың басқа ұқсас тауарлармен, сонымен бірге бәсекелестер бағасымен салыстырылмауға тиіс екенін көрсетті.

Ал дәріні өндірушілер мен осы саладағыларға ақ халатты шенеуніктер төзімділік танытуды ұсынады. Себебі, қағидаларға сәйкес, жарнама материалдарын олардың жаңа талаптар мен денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкестікке бағалауды жалпы қабылданған соң және сәйкес өтініштер тіркелген соң сараптау ұйымы 20 жұмыс күні бойында, яғни бір айға жуық уақытта жүргізетін болады. Мұнда сөз жарнама модульдерін, мақалаларын, бейнежарнаманың кадрларын дайындауды, жарнама мәтіні мен аудиожарнаманы бағалау жайлы болып отыр.

Бір жағынан, алдағы жарнама сараптамасының ұқыптылығы өзін ақтап алады, себебі мәселе  әрқайсысымыздың ең құнды дүниеміз денсаулығымыз бен өмірімізге қатысты болып отыр. Екінші жағынан, әсіресе қазіргі шетелдік валютаға деген теңге бағамының өзгермелілігін ескерер болсақ, дәрі өндірушілер үшін де тәуекел әкелуі ықтимал. Валюта нарығындағы секірістер өндірушілердің жарнамаға салған күшін ғана құнсыздандырмай, медицина тауарларының өзіндік құнының өсуіне де алып келуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығы баспасөзде жарияланғанын және алғашқы жариялануынан кейін он күнтізбелік күннен кейін күшіне енетінін айта кету керек. Есеп бүгінгі күннен бастап жүргізіледі.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер