astana-view

Мәселе туындады ма – шешімі де болады

2015 жылғы 06 Қазан
- Ақмола облысы
8802 просмотров

ӨКП бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сұхбат алаңы ретінде

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы апта сайын бизнес түйткілдері бойынша кездесулер ұйымдастырып тұрады. Сонымен бірге әрбір айдың соңғы сәрсенбісінде кәсіпкерлерде мемлекеттік органдарға сауалдарды тікелей қою мүмкіндігі пайда болады.

Қазіргі кездесуге бірқатар кәсіпкерлерде жер мәселелері, фискалдық деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық аппаратты енгізу және т.б. бойынша туындаған түйткілдер себеп болды.

Жүгінгендердің бірі - «Оспанова» ЖК. Жеке кәсіпкер діни қызметтер көрсетумен айналысады. Қазірде бизнес-вумен өзіне тиесілі жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуді жоспарлауда. Көкшетау қаласы жер қатынастары бөліміне қоятын сауалдар басқа бизнес өкілдерінде де болды. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік органдар бұлардың өтініштерін елемейді. Осыған орай ӨКП жер қатынастары бөлімі басшысының қабылдауын ұйымдастыруға уәде берді.  

Кәсіпкерлерді, соның ішінде алкоголь өнімін, бензин мен дизельді отын сатушыларды толғандырып жүрген тағы бір тақырып – бұл үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) орнату. Бірқатар объективті себептер болуына байланысты, жасырын түрде мерзім бірінші қазанға дейін ұзартылды. Бұл аппараттардың қымбаттығы, көптеген елді мекендерде Интернет желісінің болмауы және аспаптардың өзінің болмауы. Бірқатар қызмет көрсету орталықтары басшыларының да сұрақтары баршылық. Оларды ескі бақылау-кассалық машиналарды модернизациялау мүмкіндігі қызықтырады. Осыған орай Кәсіпкерлер палатасы «дөңгелек үстел» ұйымдастыруды ұсынды. Онда жоғарыда аталған мәселелердің барлығы талқыланатын болады.

Кәсіпкерлердің ойынша, кездесудің пайдасы тиді. Келесі күні өңірлік палата жер қатынастары бөлімінің басшысы Рауан Исинмен кездесу ұйымдастырды.

Сонымен қатар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуді сұрап жүгінген жеке кәсіпкер Оспанова Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бере алды.

Палата сарапшылары кездесуде айтылған мәселелердің әрқайсысын бақылауда ұстамақшы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер