astana-view

Жер заңды иесіне қайтарылды

2015 жылғы 06 Қазан
- Жамбыл облысы
11024 просмотров

Аудандық КҚО консультанты жамбылдық бизнесменнің сот ісін жеңуіне және 759 гектар аумақты алып жатқан жер телімін қайтаруына көмектесті.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Байзақ ауданындағы филиалы жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына «Достық-99» ШҚ басшысы Бөкенбай Битабаров Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігі қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне арызбен жүгінді.

Бизнесмен он бір жылға жуық уақыт бойы 2000 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің шешімімен өзіне бөлінген 759 гектар жер теліміне меншік құқығын қорғай алмай жүрген. Бір жыл өткен соң аудан әкімдігінің қаулысымен заңды негіздемесіз «Достық-99» шаруа қожалығынан аталмыш жер телімі алынады. Содан кейін, кәсіпкер сот тәртібінде түйткілді шешіп жүргенде, одан заңсыз алынған жердің жалпы ауданынан екі телім үшінші тұлғаларға беріліп қояды. Ал соңғылары белгіленген заңды тәртіпте меншік құқығын тіркеп үлгереді. Жамбыл облысы КП филиалына жүгінгеннен кейін Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанты Миржан Садықов даулы құқықтық мәселені шешуге кірісіп, кәсіпкерге көмектеседі.

«Жер телімін қайтару және басқа шаруа қожалықтарын тіркеудің күшін жою туралы аталмыш азаматтық іспен сенімхат бойынша консультантымыз айналысып, ол кәсіпкерді арыз жазу және сот отырыстарына бару қажеттігінен толығымен босатты, - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Байзақ ауданындағы филиалының директоры Дінмұхамед Нұралиев. – Сот қарауы шамамен жарты жылға созылды. Осы уақыт ішінде Миржан Садықов 20 сот отырысына қатысты».

Аталмыш қуыным арызды бірінші инстанция соты қанағаттандырды. Алайда Жамбыл облысының прокуратурасы бірінші инстанция сотының шешіміне апелляциялық қарсылық енгізді. Апелляциялық инстанция соты бірінші инстанция сотның шешімін өзгертусіз қалдырып, аталмыш шешім заңды күшіне енді.

«Кәсіпкер он жылдан астам уақыт бойы жер теліміне деген заңды құқығы үшін күресіп келген, - деп қорытынды жасады Миржан Садықов. – Сот шешімінің негізінде «Достық-99» шаруа қожалығының басшысы Бөкенбай Битабаровқа жердің мемлекеттік актісі берілді».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер