astana-view

Дауды сотсыз да шешуге болады

2015 жылғы 09 Қазан
- Жетісу облысы
10376 просмотров

Кәсіпқой медиатор дауды бейбіт жолмен жөнге салды

Сотқа бару – ең жағымсыз, қажытатын әрі жүйкеге тиетін істің бірі. Дауды шешудің бұдан басқа да бірнеше тәсілі бар.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына «Компания SONiK» ЖШС-дан «Инвест Капитал Риэлти» ЖШС және «Даму Инжиниринг» ЖШС-мен арадағы шаруашылық дауды шешуге жәрдем көрсетуді сұраған өтініш келіп түсті. Аталмыш дау ұзақ уақыт бойы қисынды шегіне жетпей жүрген еді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Бениямин Файзуллин азаматтық, отбасылық, еңбек және басқа да құқық қатынастары саласындағы дауларды сотқа жеткізбей шешуде үлкен тәжірибеге ие кәсіпқой медиатор болып табылады.

Ол аталмыш шаруашылық дау бойынша мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткен отырысқа шақырылды. Кездесуге сонымен қатар прокуратура, монополияға қарсы департамент өкілдері, темір жол тұйығы қауымдастығының төрағасы қатысты.

Кәсіпкерлерге дауды «Медиация туралы» ҚР заңында көзделген тәртіпте бейбіт келісім жасау жолымен азаматтық сот ісінің сотқа дейінгі сатысында шешу ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде медиация туралы келісім жасау туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер