astana-view

Италиялықтар Павлодар бизнесмендеріне әріптес болуды ұсынды

2015 жылғы 12 Қазан
8547 просмотров

Павлодарлық кәсіпкерлер «Қазақстан - Италия - Сан-Марино» бизнес форумы мен «ЕХРО Milano 2015» көрмесіне қатысады.

Сапар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қамқорлығымен ұйымдастырылды.

Бизнес-форумға қатысушылардың бірі, шаруа қожалығының басшысы Амангелді Бейсембиновтың айтуынша, Ертіс маңындағы кәсіпкерлер италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бизнес-кездесулер өткізіп тұрады және олардың кәсіпорындарына барып тұрады.

Атап айтқанда, делегация азық-түлік саласындағы жетекші инновациялар ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбына арналған көрмеде болып қайтқан.

Павлодарлық бизнесмендерге өзара тиімді негізде ынтымақтасу және шетелдік капиталдың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру ұсынылды. Сапар барысында бизнес-форуммен бірге әлеуетті шетелдік әріптестермен және инвесторлармен екі жақты келіссөздер форматындағы бизнес-кездесулер өткізіледі. Бағдарламада сонымен қатар Сан-Мариноға бару сапары көзделген. Онда кәсіпкерлерді республика басшысы қабылдайды.

«Сапар жарқын әсерлерге толы болды. Серпінмен дамып бара жатқан елді, алда тұрған, стратегиялық тұрғыдан ойлайтын бизнесмендерді, әлеуетті инвесторларды көрдік. Жаңа технологиялармен таныстық, тәжірибе жинақтап, жаңа идеялар алдық», - деп бөлісті алған әсерімен Амангелді Бейсембинова.

Форумға ауыл шаруашылығы, машина жасау, қаржы, құрылыс, сәулет және дизайн, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма, денсаулық сақтау, ІТ-технологиялар, телекоммуникациялар және басқа да экономика секторларында еңбек етіп жатқан 100-ден астам италиялық және сан-маринолық компания қатысты.

Павлодарлық делегация өкілдері мен италиялық бизнесмендер өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін бар мүмкіндіктерді қарастырмақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер