astana-view

Сауда жүргізе білу – өнер

2015 жылғы 12 Қазан
11644 просмотров

«Сауда үздігі» республикалық байқауына қатысқан 45 сауда кәсіпорны үздік атану жолында күресті

Оның ішінде облыстық байқаудың 23 жеңімпазы 7 номинация бойынша финалға шықты.

«Сауда үздігі» ведомствоаралық байқау комиссиясының шешімімен «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» номинациясында жеңімпаз деп танылғандар: «Ақшын» корпорациясы» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы), «Атаба-Ақтау» ЖШС ( Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы).

«Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» (шағын форматтар) номинациясында жеңімпаз деп танылғандар: «Асар» сауда үйі (Алматы облысы, Ұйғыр ауданы), «Астана» сауда үйі (Алматы облысы, Талғар қаласы).

«Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясында «Лад» сауда кәсіпорны (Алматы облысы, Қаратал ауданы) жеңімпаз боп танылды.

«Үздік сауда базары» номинациясында үздік деп танылғандар: «Айна» әмбебап базары (Шымкент қаласы),  «Алтай» әмбебап базары (Ақтөбе қаласы, «Шығыс» базары),  «Орталық базар» (Ақтөбе қаласы).

Үздік аудандық базар деп Қызылорда облысы Жаңақорған қаласындағы «Нұр» базары танылды.

«Үздік сауда үйі» номинациясында «Техноgrad» сауда үйі (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы) үздік деп танылды.

«Үздік сауда ойын-сауық орталығы» номинациясында Дина ЖШС (Ақтау қаласы) үздік боп шықты.

«Үздік сауда кешені» номинациясында «Алтын Адал» ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы) үздік атанды.

«Үздік жол бойы сервисі» номинациясында «Бамбарбия Кергуду» мейрамханасы (Алматы облысы, Қаскелең ауданы) жеңіп шықты.

«Үздік демалыс аймағы» номинациясында «Eco Village Kaskasu» демалыс базасы (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы) үздік болды.

«Үздік басшы» номинациясында «Дина» ЖШС басшысы Төкен Жұмағұлов (Атырау қаласы) пен «Атаба-Ақтау» ЖШС басшысы Шамрад Телеубаев (Ақтау қаласы) жеңіп шықты.

Облыс әкімінің «Жылдың үздік басшысы» Гран-приі «Самал-Транзит» ЖШС басшысы Нұрсұлтан Балабиевке табысталды (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы).

«Сауда үздігі» республикалық байқауы туралы Қағидаға сәйкес, Гран - При иегері кезекті байқауды қабылдаушы тарап болып табылады.

2016 жылғы кезекті байқаудың эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысы қабылдады.

Сонымен қатар өңірлік палаталар, мемлекеттік органдар, қауымдастықтардың бірқатар қызметкерлері «Сауда үздігі -2015» республикалық байқауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді ат салысқаны үшін Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығының грамоталарымен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтау салтанаты Ақтөбе қаласында «Еуропа-Азия» шекара маңындағы сауда көрме-жәрмеңкелік бағдарламасының аясында, бизнес, мемлекеттік органдар, Орынбор облысы сауда-өнеркәсіп палатасының қатысуымен өтті.

Өңірдегі сауда кәсіпорындарының байқауға қатысуы заманауи форматтағы құрылысты белсендіруге, қолданыстағы сауда нысандарын модернизациялауға, кәсіпкерлер мен тұтынушыларға қызмет ұсынуда жаңа технологияларды енгізуге септесетін болады.

13 жыл ішінде Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы Қазақстанның күллі өңірлерінен 306 қатысушыны қатарына тарта алды. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері өздерін ең белсенді қатысушылар ретінде көрсетті. Қарағанды, Қостанай, Орал, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы пассивті ұстанымда.

«Мұндай жағдайдың бір себебі: ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан осындай іс-шараны өткізуге деген қызығушылықтың әлсіздігі. ҚР ҰЭМ сауда қызметін реттеу департаментінің облыстар әкімдіктерімен байланысының жоқтығы қазірде Алматы облысы әкімінің аппараты құрылымында ғана сауда және баға мониторингі бөлімінің болуына алып келді. Ал қалғандарында өңірдегі сауданы дамыту және қолдау мәселелері бойынша штаттық бірлік те жоқ. Істің бұл жағдайы сауда саласын дамытуды ұстап тұрушы фактор болып табылады. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын және мүліктік мүдделерін бұзушылықтарға алып келеді», - деп атады «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер