astana-view

Бастысы көрсеткіштер емес, адамдардың денсаулығы

2015 жылғы 13 Қазан
- Ақмола облысы
9567 просмотров

Көкшетауда орналасқан «Тыныс» Акционерлік қоғамының тарихы жарты ғасырдан астам уақытқа созылады

Оттекті-тыныс алу аппаратурасы зауыты (кәсіпорын бұрын солай аталған) Ақмола облысындағы машина жасаудың көшбасшысына айналды. Зауыттың негізгі бағыты бұрынғыша авиация техникасы үшін желілер мен агрегаттар шығару болып табылады. Кәсіпорын бүгінде маңыздылығы кем түспейтін басқа да бірқатар жобаларды меңгерді.

Алайда сөз ол туралы болып отырған жоқ. 800 адам еңбек ететін кәсіпорын еңбекті қорғауға ерекше маңыз береді. Бұл мәселені «Тыныс» АҚ қауіпсіздік техникасы бюросының бастығы Шайролла Тақамбаев басқарады.

«Біз үшін бастысы көрсеткіштер емес, бастысы – адамдардың денсаулығы мен өмірі. Біз осында орын алған қайғылы оқиғалар жайлы жасырмаймыз. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қолдан келгенін жасайтынымызды сеніммен айта аламыз. Мәселен, былтырғы жылы бірде-бір өндірісте жарақат алу дерегі болмаған. Биыл бір ғана «жеңіл» жағдай орын алды», - дейді Шайролла Тақамбаев.

Зауытта техника қауіпсіздігін мұқият қадағалап отыру қажет болатын қауіпті нысандар аз емес. Мәселен, бұл – жұмыс сауыттары жоғары қысымда болатын компрессорлық цех. Жұмыскерлер үлкен қысыммен істес болатын отегі станциясын да қауіптілер қатарына жатқызуға болады. Бұл тізімге электршілер, жүргізушілер кәсіптерін жатқызуға болады. Биыл кәсіпорын жүргізілген жұмыс арқасында «Сенім» республикалық байқауында «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясында бірінші орынға ие болды. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қорғауды техника қауіпсіздігі жөніндегі 4 маман қадағалайды. Әркім өз секторына жауап береді. Кәсіпорын жыл сайын 10-15 адамды еңбекті қорғау курстарына жіберіп тұрады. Оның үстіне зауыттың техника қауіпсіздігі бойынша мамандар даярлау жөніндегі  лицензиясы бар.

«Біздің жұмысымыз кіре-берістен басталады. Біреудің өзін нашар сезініп тұрғанын көрсек, оны осы зауыттағы медицина бекетіне жібереміз. Айтпақшы, бізде қауіпті телімдерде еңбек ететіндердің барлығы медициналық куәландырудан күн сайын өтіп тұрады. Оның үстіне, қауіпсіздік техникасы мамандары форс-мажор жағдайы туындау қаупі бар болса, кез-келген цехтың жұмысын тоқтатуға құқылы», - деп атады Шайролла Тақамбаев.

«Тыныс» АҚ биылғы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауына қатысады. Былтыр зауыт қызметкерлері аталмыш іс-шараға «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында қатысып, бірінші орын алған еді. Енді «Тыныс» АҚ үздік еңбек қорғанысы бар кәсіпорын атағынан үміттеніп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер