astana-view

Ірі брендтер сауда орталықтарынан шығып, «көшеге» жол тартуда

2015 жылғы 13 Қазан
10861 просмотров

Кәсіпкерлер Сауда ойын-сауық орталықтарындағы орынды жалдаудың шетелдік валютаға таңылған бағасының көтерілуі салдарынан зардап шегуде

Барлық сауда кәсіпорындары орын-жайды жалға алады және жалдау құнына тікелей тәуелді. Бизнес бағытына қарай шығындардың бұл тобы компаниядағы сауда айналымынан 5%-30% аралығын құрайды. Адамдар тұрмайтын орын-жайларды жалдау шарттарының көпшілігінде шетелдік валютаға таңылған жалдау құны көтерілген кезде кәсіпкер тиімділік деңгейін сақтау үшін, не тауар бағасын көтеруге тиіс, не сұранысты сақтау үшін бағаны осы деңгейде сақтауға тиіс.

Сарапшылар жалгерлердің тіпті танымал сауда орталықтарындағы трафик пен сатылым 35-40% түскен жағдайдың өзінде сауда үйлерімен келіссөздерді біршама қатаң жүргізуге мәжбүр екенін атады. Сонымен бірге орташа чектің сомасы айтарлықтай төмендейді.

2015 жылы ритейлерлер Қазақстанда да, Ресейде де шығынды төмендетуді жалғастырады, және де кестесі барынша аз күмән тудыратын және жалдау мөлшерлемесі төмендетілген сұранымға барабар сауда орталықтарындағы орын-жайды ғана қарастыратын болады. «Жалпы, егер девелоперлер кәсіпқой ритейлерлер оларға тиесілі сауда орталықтарында қызықты брендтерді ашатынына сүйенетін болса, онда сауда ойын-сауық орталықтарының иегерлері икемді жалдау саясатын жүргізуге тиіс. Мысалы, жалдау шарттарында долларға таңудың күшін жою, әрлеуге кететін шығындардың орнын толтыру, орын-жайды жөндеу кезінде төлемге демалыс беру», - деп есептейді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауда хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева.

«Алайда тіпті жалдау мөлшерлемесінің төмендеуі нарықты теңдестіре алмайды, ахуалды жақсарту үшін айналымнан пайызға толық көшу қажет», - деп атады ол.

Сөйтіп, Жібек Әжібаеваның айтуынша, бүгінде ірі брендтер сауда ойын-сауық орталықтарының келісімге келмейтін иелерін тастап, стрит-ритейлге бәс тігуді ұсынады. Бүгінде танымал таңбалар сатылымының деңгейі көшеде Сауда ойын-сауық орталықтарындағыдан біршама жоғары, себебі жеке тұрған дүкендер иелері жалгерлеріне біршама түсіністікпен қарайды.

«Мысалы, «KIMEX және Grazie» нарықта қызмет жасап келе жатқанына 20 жылдан асып кетті. Егер топ дүкендер бестігін алар болсақ, онда бестен төрті – бұл стрит-ритейл. Яғни бұл дүкендер Сауда орталықтарындағыға қарағанда, біршама белсенді. Оның үстіне стрит-ритейлді жалға берушілер СОСО иегерлеріне қарағанда жеңілдік жасауы оңай», - деп жалғады сөзін ол.

Дей тұрғанмен, стрит-ритейл танымал брендтер үшін ғана ұнамды болуы мүмкін, ал танымалдығы біршама төмен дүкендер өтіп бара жатқандарды онша қызықтыра қоймайды, және де олар үшін ең дұрыс жайғасым – адамдар нақты сатып алу үшін келетін Сауда орталығында сату.

Ескі топтамадан қалдықтар қалуына байланысты қойма сақтауына жұмсалатын шығындар да ұлғаяды. Логистика және кедендік төлемдер тауардың өзіндік құнының үлкен бөлігін құрайды. Табыстың қалдығы 40-50% құрайды. Нәтижесінде ритейлерлер келесі маусымға тапсырысты шамамен 50-60% төмендетеді. Ритейлерлер қандай да бір айналым болған жағдайда дисконтты созуға тырысады, бірақ нарық бәрібір мәжбүрлеп, қалдықтар қалып қояды. Ритейлерлер сонымен бірге орта тұтынушы үшін теңге бағасында біршама қолжетімді болу үшін, көптеген тауашалық өнімдер бойыша желі аясында үстеме бағаны төмендетеді.

«Еркін айырбас бағамына көшуге байланысты бүгінгі таңда ең қажет тауарлар бағасына апта сайын мониторинг жүргізіліп тұрады. Аталмыш мониторинг отандық және импортталатын азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне деген тенденция байқалатынын көрсетіп отыр. Дей тұрғанмен, тағамдық емес тауарлар тобында ең қажет тауарлар бағасының жоспарлы түрде көтерілуі жүріп жатыр. Өнеркәсіптік топқа қатыстылардың бәрі, Қазақстанға импортталатын тауарлар (импорттық киім, киім және т.б.), бұл тауарлардың бағасы 20-40% көтерілген», - деді ҰКП өкілі.

Бүгінде Қазақстан импорттық тауарларға тәуелді, өйткені елімізде өндірістер аз, сондықтан да теңгенің құнсыздануы көптеген тауар топтары бойынша бағалардың көтерілу қажеттігін тудырып отыр.

Үкімет Аи 92-93 таңбалы ЖЖМ тапшылығын болдырмау мақсатында Қазақстанда бензин бағасын реттеуден бас тартуға шешім қабылдады. Бензин бағасын реттеудің күші жойылған соң, сауда саласында, тасымалдаулар мен қоғамдық көлік саласында бағаның күрт көтерілуі орын алды.

Осылайша, Жібек Әжібаеваның сөзінше, сауда ойын-сауық орталықтары икемді жалдау саясатын жүргізіп, жалдау шарттарында долларға таңудың күшін жоюы қажет. Ал жалдау мөлшерлемелерін есептеу кезінде айналымнан алынатын пайызға көшкендері дұрыс.

«Жоғарыда аталғанды ескере отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында сауда орындарын жалдаудағы түйткілді мәселелерді талқылау үшін сауда ойын-сауық орталықтары, екінші деңгейдегі банктер мен Астана қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қатысуымен жұмыс кездесуін өткізген дұрыс деп есептейміз», - деп қорытты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер