astana-view

Бизнеске арналған «жедел жәрдем»

2015 жылғы 13 Қазан
- Шымкент қаласы
15703 просмотров

Оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерлер бұдан былай өз түйткілдері жайлы 59-79-60 нөмірі арқылы бірыңғай call-center-ге хабарлай алады

Қоңырау шалғаннан кейін, қажет болып жатса, кәсіпкерге ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратурасы қызметкерлерінен тұратын мобильдік топ жылдам келіп жетеді.

Аталмыш саll-centre-ді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және прокуратурасы іске қосты. Бұл кәсіпкерлердің мәселелерін тез арада шешуге арналған өзінше бір жедел желі, басқаша айтқанда «Бизнеске арналған жедел жәрдем». Сонымен бірге, шағымдар мен өтініштерді whatsapp арқылы – 8-702-323-10-10 нөміріне жіберуге болады. Осыдан соң Палата қызметкерлері тез арада байланысып, мәселені шешуге көмектеседі.

«Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар келтірген кедергілер мен заңсыз тексерістер туралы, сонымен қатар бизнес жүргізуге бөгет жасайтын кез-келген деректер жайлы хабарлай алады, - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі департаментінің басшысы Тимур Нақыпбеков. – Онлайн-режимде консультация алуға да болады».

Жаңа жоба жұмыс жасаған екі күн ішінде бірнеше өтініш иесіне шұғыл көмек көрсетілді. «Мәселен, бүгін бір кәсіпкердің түйткілі 15 минут ішінде шешімін тауып, ол 250 мың теңге айыппұлдан аман қалды, - деп атады Тимур Нақыпбеков. – Шымкент қаласындағы сұлулық салонының иесі салондағы құбырларды ауыстыру кезінде су өлшегіштің пломбасы байқаусызда түсіп қалғанын хабарлады. Су арнасының бақылаушысы 250 000 теңге айыппұл салынатыны туралы ұйғарым берген (ал бұл шаштараздың айлық табысының жартысынан асады). Салон иесінің су өлшегіштегі пломбаның абайсызда түсіп қалғаны үшін айыппұл салынбауына жедел түрде жәрдем бердік. Ақырында айыппұл қалалық су арнасының ескерту жасауымен алмастырылды. Түйткілді шешуге тура 15 минут кетті!».

Кәсіпкерлер палатасы түйткілге тап болған және жедел жәрдем мен консультацияны қажет ететін барлық бизнесмендерді 59-79-60 нөміріне, не болмаса 8702-323-10-10 бойынша whatsapp арқылы жүгінуге үндейді. Кәсіпкерлер палатасы қысқа уақытта жедел көмек көрсететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер