astana-view

Басқару билігі – әйелдер қолына

2015 жылғы 13 Қазан
28550 просмотров

Маңғыстау облысының Іскер әйелдер кеңесінің басшысы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың болашағы жайлы ой қозғайды.

Әйел және бизнес - аса үйлесімді түсініктер. Әйел бола тұрып бизнесте жетістікке жетуге, мансап шыңын бағындыруға бола ма? Әрине. Адамзаттың таңғажайып бөлігі өкілдері үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екендігіне біздің кейіпкер сенімді.  

Ақтаудағы Кәсіпкерлер палатасының жанынан Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесі құрылып, оны «Территория дизайна deSali» студиясының директоры, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі Сәуле Салихова басқарып отырғаны белгілі. Біздің сұхбаттасымыз Маңғыстаудағы әйелдер кәсіпкерлігі саласында кездесетін мәселелермен бөлісті. 

- Сәуле Халелқызы, әңгімемізді бастамас бұрын бизнестің қай түрімен айналысатыныңызды айтып өтсеңіз.

Өзімнің сүйікті ісіммен 2002 жылдан бастап айналыса бастадым. Дизайнмен бұрыннан «ауырған екенмін», оны байқамаппын. Бірегей техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын үздік дипломмен бітіргенмін, өзім де, отбасы мүшелерімнің көбі де мені болашақта мұнайшы ретінде елестеткен. Алайда мінезімнің шығармашылық қыры маза бермейтін, әрдайым адамның немесе қандай да бір пәтердің, үйдің талғамсыздығын көріп қоятынымды байқадым. Интерьерді толығымен өзгертуге, кеңес беруге және түзетуге ынталы болатынмын. Содан бір күні мамандығымда күрделі өзгеріс енгізуге бел будым, шынымды айтсам бұл достарымның мәжбүрлеуімен болды. Бұл тұрғыдан еш өкінбеймін.  Адам жұмысқа мерекеге барғандай бару керек деп ойлаймын. Осы сезім үнемі бірге жүрді. Демек бәрі өте тамаша. Сонымен, осы жағдайдың қорытындысы ретінде, тапсырыс берушілер жұмысымызға дән риза. Тапсырыс берушілердің мұндай бағасы біз үшін аса құнды.

Әрине, тек өзіңнің сезімталдығыңа сүйене отырып кәсіпқой дизайнер болу мүмкін емес. Уақытымның көп бөлігін осы мамандықты игеруге жұмсадым және әлі күнге дейін соны жасауды жалғастырып келемін. Кемеліне жетті деп, шек қою мүмкін емес, сол себепті өмір бойы оқу керек.

- Сәуле Халелқызы, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкер әйелдер Кеңесін басқару ұсынылғанда, оған не себепті келістіңіз?

- Мен үшін Іскер әйелдер кеңесін басқару тосыннан болды. Неге келістім? Әрқайсымыз қоғамға пайдасын тигізе алады және тигізу керек деп ойлаймын. Мүмкін бұл, әрқайсы өзімен әуре болып жүргенде және құрамдастырушы – эго барлық жерде және барлық нәрседе басым болған  қазіргі заманда ерсі естілуі мүмкін. Адамзат тарихында және бізге дейін де қиын кезеңдер болды, алайда әрдайым қоғам қызығушылығын жеке қызығушылықтардан жоғары қойған адамдар табылған. Мен осы өте қажетті іске өзімнің қарапайым үлесімді қосуға тырысамын. Жаңа дүние – бұл әрқашан қиын іс, бірақ қашан да қызықты! Мүмкін жас келе тәжірибемен бөлісу, біреуге көмектесу сияқты сезім туатын шығар. Өздеріңіз білетіндей, көп қазақ отбасыларында ата-аналар балаларына өзінен кейін Адам деген атаудан кейін-ақ маңызды із қалдыру - өмірдің ең басты мәні деп түсіндіреді. Кәсіпкерліктің азапты жолын бастаушы әйелдер мен жас қыздарға олардың бизнес-ойларын жетілдіруде орынды кеңес немесе нақты шешім беріп көмек көрсету қажет деп ойлаймын. Жалпы айтқанда, лайықты білімі бар ұрпақ өсіп келеді. Ал біздің мақсат – әйелдердің жаңа бастамаларын қолдау болып табылады. Елімізде үлгі алуға болатын және міндетті түрде үлгі алуымыз керек әйелдер көп. Олар өмірдің түрлі қиыншылықтарына қарамастан табысты атану жолында күш таба алды. Міне осыны кең тарату қажет. Ұранымыз – «Біз әйелдер бизнесін өсіреміз!».

- Бизнесті әйелдер ер адамдар сияқты орындай алмайды деген түсінік бар. Сіз осымен келісесіз бе?

- Көп жағдайда келіспеймін. Көп жылдар бойы және қазіргі уақытта да бизнесте басқарушы орынды тек еркектер ғана орындай алады және орындай алу керек деген түсінік бар. Әйел адамдар бала кезден бастап өздерін жақсы жар, жақсы ана болу керек, балалар тәбиелеу және үй шаруаларымен айналысу керек деп сендіреді. Бұл даусыз, бұл аксиома. Бірақ уақыт өзінің түзетулерін енгізеді. Қазіргі таңда әйелдердің саясатта да, бизнесте де жарқырап көрінуімен ешкімді де таңқалдыра алмайсың. Өзінің жеке бизнесін ұйымдастыруға тырысатын әйелдер саны артып келеді. Шағын және орта бизнеске әйелдердің көптеп келуі елімізде жұмыссыздық деңгейі күрт өскенде өткен ғасырдың  90 жылдары басталды. Осындай өмірдегі қиыншылықтар әйелдерді ақша табуда, тек өз күшіне сенуде жол табуға итермеледі, себебі осыған дейін отбасының басты асыраушысы ер адам болған еді. Қазір бизнесте орнын тапқан, сонымен қатар басқа әйелдердің үлгісінен кейін бизнеске кетуді армандайтын жігерленген біздің замандастарымыз барлықтарына үлгі бола отырып, маңызды нәтижелерге жетіп ер адамдармен бірге жаңа бизнес-тендерлерді меңгеруде. Тек ынта-жігер болса болды.

- Статистика бойынша бизнесте әйелдер ер адамдарды озып түсе ала ма?

- Менің көзқарасымша, оза алады. Дегенмен Қазақстанда бизнес, негізінен, ер адамдар тұлғасында көрініс беретінін айтуды жалғастыра береміз. Тәртіпке сай, әйелдер төмен рентабельді салаларда жұмыс істейді. Негізінен бұл көп төленбейтін, бірақ моральді еңбектің мол салымын талап ететін жұмыстар. Бізді үнемі ТМД-дан тыс елдердегі қызмет деңгейі қызықтырады. Ондаған жылдар бойғы білім беру, мәдени, рухани және басқа да шаралардың бүтін бір кешені осы деңгейге әкеп отыр. Мұндай бизнеспен ер адамдар айналыспайтындығына бәрі де келісер... Елде қызметтерді де дамыту қажет, мемлекет тек шикізат есебінен дами алмайды. Оған дәлел бүгінгі таңдағы мұнай бағасы. Егер шағын және орта бизнесті алар болсақ, республика бойынша кәсіпорындардың 41 %-н әйелдер басқарып отыр. Ол шамамен 500 мың субъект. Алайда республика қимасында Маңғыстау облысындағы статистика мәз емес. Оған үш себеп бар: біріншісі – қаржылық, яғни бастапқы капитал жоқ, оған мысал, ауылда ақша болуы мүмкін бе? Банктер ауылдардағы бизнесті үнемі қолдай бермейді және тіптен кепілдікке зәулім коттедж қойған күннің өзінде ғана лажсыздан  кредит береді. Іс жүзінде екінші деңгейдегі барлық банктер кепілдікке үйді тек қаладан алуға тырысады. Екінші себеп әлеуметтік сипатта: әйел адамға жалпы кәсіпкерліктің не керегі бар деген қазақ менталитеті алдымыздан шығады. Үшінші себеп – бизнесті дамытуға білімнің жетіспеуі, бұл білім беру құрамдасы.

- Не себептен әйелдер ер адамдарға қарағанда бизнесте белсенді емес?

- Түйткілді мәселелер баршылық. Үй шаруасы, өз күшіне сенбеу, қорқыныш, уайым, қаржылық қаражаттың жетіпеушілігі, осының барлығы әйелдің бизнес-болашағын тежейді. Әйелге мансап құру және бизнеспен айналысу қиын, барлығы бірдей алтын уақыттарын жұмысқа арнай алмайды деген пікірмен келіседі. Іскер әйелдер кеңесінде керісінше жағын дәлелдеуге мақсат қойған, әйелдер ойлаудың табиғи икемділігімен, ауқымды әлеуметтік байланыстармен, сабырмен, сезгіштігімен және табиғи сұлулығымен бизнесте көп нарсеге қол жеткізе алады. Іскер әйелдер кеңесі қалаларда, сондай-ақ аудандарда, соның ішінде шалғайдағы ауылдарда әйелдердің бизнес-идеяларын қолдаумен айналысуға дайын: тұрақты түрде әйелдерге тренингтер мен семинарлар жүргізуді бастады, алда мастер-класстар, форумдар, іскерлік кездесулер және әйелдер кәсіпкерлігін қолдаумен байланысты басқа да маңызды шаралар  күтіп тұр.

- Осындай қиын уақытта әйелдер үшін қандай өндірістерді қолдау керек, сіз қалай ойлайсыз?

- Қазір шағын өндірістерді көтеру маңызды. Маңғыстауда ең алдымен ол ауылдағы қолөнер өндірістері, сонымен қатар қызметтер саласы. Естуімізше, шаш қию үшін аудан орталықтарына, ал кейбіреулері облыс орталықтарына баратын ауылдар бар екен. Маңғыстаулық шебер әйелдердің Қазақстанның басқа аудандарынан ерекшеленетін бірегей қазақи ұлттық және той костюмдерін, қамзолдар, желетке, шапандар, оюы бар корсеттер, түрлі үлгідегі сәукелелер, бас киімдер жасаумен ерекшеленетіні баршаға мәлім. Атырау, Алматы және Астанада біздің бұйымдар жоғары сұранысқа ие. Дамытуды қажет ететін тағы бір бизнес бұл агрокешен, атап айтқанда, сүт өнімі, көкөніс, жүнді өңдеу шаруашылығы.

Атқарушы органдар аудандар мен ауылдарда барлығын жұмыспен қамтуға барынша тырысатыны жайлы сендіргенмен, ауылдарда әйелдердің һзін-өзі жұмыспен қамтуы өте төмен екенін айта кеткім келеді. Республикалық статистиканың соңғы көрсеткіштеріне сәйкес ауданымызда ауыл әйелдерінің жұмыспен қамтылуы өте төменгі деңгейде. Әйелдердің бизнес-білім беру деңгейін түсіну керек, оларға неден бастау керектігін түсіндіру, өз ісін ашу үшін әрекеттерінің бүкіл тізбесін қадамдап түсіндіру керек. Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесімен бірігіп ауыл әйелдері үшін семинарлар мен тренингтерге көп назар аударады.

- Іс жүзінде екінші деңгейдегі банктердің барлығы бизнесті қолдайтынын және қаржылай көмектесуге әрдайым дайын екендігін мәлімдеп жатады. Ал іс жүзінде қалай?

- Үнемі солай бола бермейді. Кәсіпкерлерге кредит алуға батылдығы жетпейді деп түсіну қабылданған. Алайда екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ)  кредит алу соншалықты жеңіл емес. Көп жағдай бірінші рет жүгініп отырған адамға қызмет көрсетуші банк менеджерінің жеке тұлғасына да байланысты. Егер банк менеджерінде кәсіпкерге көмектесу уәждемесі болса, онда банктің мұндай оңтайлы қызмет көрсетуінің салдары қандай нәтижеге апаратынын айтпай ақ қоюға болады, ал егер кәсіпкерге банк менеджері немқұрайлы қарайтын болса, онда банкке осындай жүгінудің салдары қандай болатыны белгілі. Кәсіпкер әйелдер кеңесіне біз шақырған әйелдердің тарихын, банктерден 6-11 ай бойы кредит ала алмайтыны жайлы естігенде айтарға сөз таппаймыз... Олардың көбі салы суға кетіп, бизнеспен шұғылдануға ниетінің жоғалғаны жайлы айтады. Адамдар бастапқы капитал алуға және өз ісін ашуға үміттеніп бір банктен екіншісіне жүгіруден шаршайды. Осындай жағдайларда әйелдер өзінің денсаулығын, жүйкесін және уақытын сақтауды жөн көреді. Кәсіпкер әйелдер кеңесінің бір ЕДБ және «Даму» аумақтық қорымен бірлескен отырысы кезінде Кеңес мүшелері «Даму» қорының өкілінен Маңғыстауда қандай банк филиалдары шағын және орта бизнесті белсенді кредиттейтіндігімен қызықты. Менеджмент деңгейі мен біліктілігі бойынша «ВТБ», «Сбербанк России» және «Халық банкі» филиалдары ерекше аталып өтті. Сонда отырысқа қатысып отырғандар арасынан бір бизнес-вумен Жаңаөзен қаласында жоғарыда аталған банктердің біріне 11 ай бойы кредит ала-алмай қойғанын айтып өтті.

- Аудандарда әйелдер кәсіпкерлігі қалай жүруде?

- Жуырда Қарақия және Мұнайлы аудандарында болдық. Түрлі дүкендер желісі өте көп, ал өндіріс аз. Түйткіл сол бұрынғы. Барлығы бірдей дамығысы келетінін, алайда банктерден кредит ала алмайтындығын айтып шағымданады. Негізінен сұраныстар өте ұзақ қарастырлады. ӨКП Іскер әйелдер кеңесі жыл соңына дейін басқа аудандарды (Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу) және Жаңаөзен қаласын аралауды жоспарлауда. Жергілікті жер әкімдерінің не ойлап жүргенін білгіміз келеді. Олар ауданда немесе ауылда нені дамыту керектігін жақсы біледі ғой. Мүмкін балабақша, тазалау орындары немесе балаларға арналған дамыту орталықтары қажет шығар. Кездесулер нәтижелеріне жасалған талдау бизнестің көп мәселелерінің негізінде заң аспектілері, салық салу және қаржылық сауаттылық бойынша білімнің жоқтығы жатқанын көрсетіп отыр. Сол себепті аудандар бойынша ісін бастаушы кәсіпкер әйелдер үшін оқыту курстарының тәжірибесін тарату маңызды.

- Біз қандай мемлекеттерден үйренуіміз керек?  Бизнес дамып жатқан елдерді мысал ретінде атап өте аласыз ба?

- Олардың біреуін айту да жеткілікті. Қазақстан үлгі ретінде Түркия туралы айтуды доғармайды. Аталмыш ел бюджетінің 70 %-н орта және шағын бизнес түсімдері құрайды. Түрік брендтерін жасау және оларды әлемдік нарықта тарату бойынша 15 жыл бұрын қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар. Бүгінгі таңда түріктің «LC Waikiki», «DeFacto», «Collezione», «Koton» сияқты брендтері Қазақстан мен Ресей дүкендерін толтырып қана қоймай, Еуропа елдерін де өзіне қаратып отыр. Түрік брендтерін дамыту бойынша барлық жарнамалық шығындарды мемлекет өтейді, ең маңыздысы сауда алаңдарын жалға алуды өтейді. Тоқыма өнеркәсібінде әлемдік нарыққа шығу үшін және бренд деп саналу үшін қатаң стандарттар қабылданған. Егер сен жаңа бренд жасасаң, мысал ретінде ең жас бренд «LC Waikiki», оны халықаралық сертификаттаушы органдар сертификаттауы керек. Өндіруші шикізаттің сапасына, фурнитурасына және әр тігісіне жауап береді. Міне сол себептен түрік тауарлары үлкен сұранысқа ие. Мемлекет шағын және орта бизнестің келешегі бар саласын қолдайды: туризм және тоқыма өнеркәсібі. Қорытынды ретінде  отбасылық демалыс жүйесінің жоғары дамуы және жеңіл өнеркәсіп сапасының жоғары болуы – барлық әлемдік брендтер Түркия елінде тігіледі.

- Қазір Ақтауда еуропалық немесе азиялық дәмдер дайындалатын мейрамханаларды кездестіруге болады. Сізді Маңғыстауда толыққанды қазақ тағамдары дайындалатын, ұлттық тамаққа тапсырыс беріп дәмді тамақтануға болатын орындардың жоқтығы таң қалдырмай ма? 

- Шынымен де ұйғыр, кавказ, өзбек және басқа да тағамдар әзірленетін орындар бар. Ал ұлттық қазақ тағамдары жасалатын орындарды таппайсың. Оған көп жағдайда тарихи себептер бар. Қазақтардың көшпелі өмір салты ұлттық асхананы түрліше дамытуға мүмкіндік бермеді. Онда қоспалар, шөптер, қандай да бір ізденістер аз. Бұл менің көқарасым, және таза қазақ тағамдары даярланатын мейрамхана неге Мәскеуде жоқ деген сұрақ туындайды. Сол себепті назарды бұған қоюдың қажеті жоқ. Өмір бойы «велосипед жасау» мүмкін емес. Мүмкін уақыт өте осы сұрақты тереңінен зерттеп, осы жаңа асханамен шынайы айналысатын – әйгілі қазақ өнімдерінен жасалған тамақтар ойлап тауып, оларды көтеруге тырысатын қазақ шеф-аспаздары пайда болатын шығар.

Менің ойымша, қышқыл сүт өндірісі – қымыз бен шұбаттың дамуына назар аудару керек сияқты. Барлығымыз қымыз бен шұбат қазақ халқының ежелден келе жатқан сусындары болып табылатынын білеміз. Олар денсаулыққа өте пайдалы, туберкулез, бауыр ауруларын, асқазан-ішек жолдарын, қан тамырларын емдеуде қолданылады. Бүгінгі таңда бабаларымыздың салтын жалғастыру өте маңызды – түйе және жылқы өсіруді дамыту, сүт өндірісін дамыту, экспортқа шығару қажет. Алайда өкінішке орай жылқы және түйе өсіруге тиісті деңгейде назар аударылмауда. Осы істе түйткілді мәселелер өте көп. Ауылдағы бизнес әрдайым қолдауды қажет етеді және көп жағдай тек жергілікті атқарушы органдарға ғана емес сондай ақ республиканың орталық органдарына да байланысты. Экономикалық ахуалыдың нашарлығынан үкімет агро-бағдарламалардың қысқартуға мәжбүр. Мүмкін, осы жағдайда ерекше тұрғыдан келу қажет шығар, ойлап қарасақ, табысты жылдары да ауыл шаруашылық саласының жүгі ауыр болған. Жақында мемлекеттік қызметке  экспаттарды тарту сұрағы қарастырылып жатқанын оқыдым, міне, сол себепті ол үшін ең қажет етілетін сала бұл – ауыл шаруашылығы. Осы жұмыстар үшін министрліктің Дания, Голландиядан немесе басқа да аграрлық мемлекеттен біліктілігі жоғары мамандарды тарту жағын ойластыруы керек шығар? Мал шаруашылығында Қазақстанға қарағанда Моңғолия жақсы дамыған. Моңғолияда мал шаруашылығындағы қайта өңделетін өнімдері негізінде жеңіл өнеркәсіп дамуда. Алайда мұнда да қауіп жоқ емес: шетел мамандары өздерімен бірге батыстың жаңа технологияларын ала келетінін түсінуіміз керек. Осындай технологиялардың зияны туралы мәселенің ілң шешімін таппай отырғанын есте сақтау керек. Осы мәселе тұрғысынан ойлану керек...

- Бизнес-климаттың жағдайы кей жағдайларда жергілікті атқарушы органдарға байланысты екендігімен келісесіз бе?   

- Толығымен келісемін. Бүгінде әкімдер бизнеспен серіктесу қажет нәтижеге әкелетінен және бизнес-қоғамдастықпен серіктес болу өңірді көтеруге көмектесетінін білуі керек. Әкімшілік – ауыр бюрократикалық жоспардың машинасы екендігін және мұндай машина өте баяу жылжитыны анық. Мемлекеттік органдардың инерттілігі барлығына белгілі. Жергілікті атқару органдарының жеке принципті көзқарастары бар. Қазір үкімет бизнестің жергілікті атқарушы органдарына қол созып жүгінуі мәңгі болмайтынын түсіну керек. Атқарушы билік бизнестің жер теліміне сұранысы үнемі болатынын есте сақтау керек және бюджет қаражаты есебінен барлық коммуникацияларды тарту керек. Түрлі рұқсат қағаздарын алу барынша қысқа мерзімде болу керек. Мемлекет басшысы жергілікті органдар алдында – жаңа өндірістерді, ірі және шағын, кез-келген өндірістерді ашу керек деген мақсат қойған болатын. Осы тұрғыда кез-келген деңгейдегі әкімнің нәтиженің ақталатынын түсінуі керек.

Жалпы айтқанда, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің ойын қолдайды. ӨКП жұмысы үшін арнайы жеке ғимарат бөлінген, онда бизнес-мектеп, коворкинг орталық және Қазақстанда алғашқы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) орналасқан. Бүгінгі таңда КҚКО «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұның бәрі бизнесті, оның ішінде әйелдер бизнесін қолдау және дамыту үшін жасалуда.

- Шамамен 5 жылдан кейін әйелдер бизнесі қандай болады деп ойлайсыз?

- Іскер әйелдер кеңесі жай ғана құрыла салған жоқ. Шынымен, біз өңірде әйелдер бизнесінің жетістіктерге жетуін қалаймыз. Жоспар бар және нәтижеге жұмыс істеуге дайынбыз. Сонымен бірге оқыту курстарынан өтуге ғана емес, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігінің ары қарай өсуіне көмектесетін боламыз. Алда жұмыс көп. Әйел үшін бизнес үйреншікті ортаға айналуы мүмкін, әйел және ақша қатар жүре алады, қарапайым отбасының өзінде де іс осылай жүреді ғой. Ісін бастаушы кәсіпкерлерді көп нәрсеге үйрету керек: психологиядан бастап экономикаға дейін. Маңғыстауда да әйелдер кәсіпкерлігін дамыту саласында климатты жақсартуға арналған мүмкіндіктер бар.  Жергілікті органдармен бірлесіп жұмыс жасауға тиіспіз. Кәсіпкерлердің аталып өткен барлық сұрақтарын ескеріп, оларды шешуге тырысатын боламыз, бұл біздің ортақ мақсат. Іскер әйелдер кеңесінің өзі әкімшілік пен банктердің серіктесуге деген қызығушылығынсыз әлсіз болатынын ескеру керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің барлығымызға экономикаға көзқарасты өзгерту керек: біздің жеріміздің шикізат байлығына қалтқысыз сену – бұл алысқа апармайтын жол! Дәл қазіргі таңдағы дағдарыста барлық кәсіпкерліктің оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінің сенімді іргетасын қалау керек. Бес жылдан кейін бизнестегі әйелдер санының көбейеріне сенімдімін!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер