astana-view

Ауылдық кәсіпкерлерге салықты электронды түрде төлеу үйретілуде

2015 жылғы 16 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
10709 просмотров

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Бизнестің жол картасы-2020 аясында бизнес үшін сервистік қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Қазірде сервистік компаниялар кәсіпкерлерге қызмет көрсету үшін ауылдарға сапар жасап жүр.

Сонымен, Теректі ауданындағы Федоровка кентінде «Шағын бизнес орталығы» Қауымдастығының консультанттары БҚО Кәсіпкерлер палатасының филиалында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Аудандағы 20-ға жуық кәсіпкер нақты көмек және тегін консультация алды. Кредиттік серіктестіктер үшін 2015 жылғы 3 тоқсан үшін қаржылай есептер құрастырылды. Шаруа қожалықтарына салық жөніндегі есептеулер жасауға және есептерді электронды түрде жіберуге көмек берілді. Ауылдық кәсіпкерлердің техникалық мүмкіндіктері шектеулі және штаттарында бухгалтерлік іс жөніндегі мамандары жоқ, сондықтан да олар үшін мұндай көмек аса өзекті.

«Көрсетілген қызмет үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл біз үшін өте ыңғайлы, көп нәрсені түсіндім және зерттеп шықтым, енді есептерді өзім тапсыруға тырысамын, және де, түйткілдер туындап жатса, Палата филиалына жүгінетін боламын», - деді «Диас» КС» ЖШС директоры Дәмелі Ғалиева.

«Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры, БҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Шолпан Махмұдова Теректі ауданының белсенділігін атап өтті.

«Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры мен Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттары кездесуді ұйымдастыруға бейресми тұрғыдан келіп, өз міндеттерін кәсіби түрде орындады. Кәсіпкерлермен араласу кезінде сенімділік ауаны сезіліп тұрды. Барлық жүгінушілер көрсетілген көмек пен алынған консультацияға разы боп тарап жатты. Кәсіпкерлердің Кәсіпкерлер палатасына қуана-қуана жүгінетіні және Орталықтың жұмысынан жақсы хабардар екені байқалып тұрды», - деп атады Шолпан Жұматайқызы.

Кәсіпкерлер де сервистік қзыметтердің тұрақты негізде көрсетіліп тұруына тілек білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер