astana-view

Жол бойы сервисі – ұтылыссыз нұсқа

2015 жылғы 16 Қазан
- Қостанай облысы
13320 просмотров

Қостанай облысында республикалық  трасса бойында заманауи қонақ үйлер, дәмханалар мен техникалық жөндеу орындары жетіспейді. Облыс билігі аудандардағы ісін бастаушы кәсіпкерлерге осы іспен айналысуды ұсынады.

Өңір басшысының орынбасары Сергей Карплюк бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру қорытындыларын жеткізе отырып хабарлағандай, Қостанай облысында жол бойы сервисі саласы айтарлықтай әлсіз: тұру қызметі бар 17 нысан, 70 қоғамдық тамақтану орны және 14 ТҚС. Ал олардың бір бөлігі ғана барлық қажет тұру, тамақтану және т.б. жағдайлар жасалған заманауи форматтағы нысандар.

Сонымен бірге облыста бірден он аудан арқылы өтетін республикалық маңызы бар үш трасса жатыр, және де олардың қайсында болмасын заманауи жол бойы сервисін дамытуға болады.

Әкім орынбасары жағымды мысал ретінде Қарабалық ауданындағы жеке кәсіпкер Марат Айтқазиннің жобасын келтірді.

«Үстіміздегі жылдың басында ол Алматы-Екатеринбург трассасының бойында кеңсе және қойма жайлары, ыңғайлы қонақ үй нөмірлері мен дәмхана кешені түріндегі кемпинг салып шықты. Облыста өңірдің оңтүстік аудандары арқылы өтетін Орталық-Батыс республикалық маңызы бар жолын салу жоспарланып отырғанын ескере отырып, аталмыш жерлерде жол бойы сервисін дамыту келешегі жайлы ойланған жөн. Әсіресе темір жол салынған Арқалық қаласында», - деп атады Сергей Карплюк.

Жалпы, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырған жылдарда Қостанай облысында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға кредитінің жалпы сомасы 65,6 млрд теңге болатын 478 жоба мақұлданған. Үстіміздегі жылдың 9 айында – кредит сомасы 5 млрд теңгеден асатын 68 жоба. Кәсіпкерлерге 5 млрд теңге мөлшеріндегі субсидия төленген, соның ішінде үстіміздегі жылы - 1 млрд теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер