astana-view

Аралдықтарда кәсіпкерлік қабілет пайда болуда

2015 жылғы 19 Қазан
- Қызылорда облысы
13239 просмотров

Аралда Кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы 28 жоба жүзеге асырылуда

Арал маңындағы Кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалы жалпы құны 253 миллион теңге тұратын 28 жобаны жүзеге асыруда жәрдем көрсетеді.

«Палатаның басты міндеті - бизнес-климатты жақсарту және аудандағы кәсіпкерлікті дамыту», - дейді аудандық филиал директоры Қадырхан Еңсепов. Ол филиалдың басқа да іс-шаралармен бірге құқықтық қолдау көрсететінін, қашан да кәсіпкерлер мүддесін танытып жүретінін атады. Орталық мамандары жергілікті кәсіпкерлерге бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайлы консультациялар беріп, жобаларды сүйемелдейді, бизнес-жоспарлар құрастыруға, екінші деңгейдегі банктерден және өңірлік инвестициялық орталық арқылы кредит алу үшін құжаттар жинауға көмектеседі.

Аудан бойынша барлығы 3 500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Олардың бірі Сайлаш Жұбаниязова. Соңғы кездері Аралға келуші шетелдіктер саны көбейген, содан Сайлаш қонақүй бизнесімен айналысуға бел буады. Ал осы жылдың маусым айында ол «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қонақүйді модернизациялауға көмек алады. Қонақүй 20 орынға есептелген. Кешенде келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы да жылы бөлмелер, кітапхана және асхана стандарттарға сәйкес келеді.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ету, сонымен бірге ауыл халқының барлық бағдарламаларға және қаржылай қолдау механизмдеріне қатысуын белсендіру мақсатында құрылған «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы жалпы құны 249 млн 64 мың теңгені құрайтын 43 жобаны қаржыландырып, жүзеге асыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер