astana-view

Жеңілдікті автокредиттерге бөлінген қаражат 2015 жылғы қараша айында игеріліп болады

2015 жылғы 22 Қазан
10720 просмотров

Үкімет қосымша 10 миллиард теңге транш бөлінуін мақұлдады

«Мемлекеттік бағдарлама аясында алғашқы транш – 20 млрд. теңге бөлінген еді. 5 млрд. «БРК-Лизинг» арқылы коммерциялық техниканы кредиттеуге кетті және 15 млрд. екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдікті кредиттеуге берілді. Бүгінгі таңда жинақтап алғанда үш компания бойынша 87% қаражат игерілді, ал ол 20 сәуірде бөлінген болатын. Саны жағынан – бұл өтінімдер аясындағы 4,5 мыңнан астам автомобиль. Келесі айдың ішінде мемлекеттік бағдарламаның алғашқы траншындағы барлық қаражат игеріледі деп есептейміз», - деп хабарлады Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев «Атамекен» ҰКП машина жасау және металл өңдеу комитетінің отырысында.

Ол сонымен қатар үкіметтің қосымша 10 млрд теңге транш бөлінуін мақұлдағанын хабарлап, жеңілдікті автокредиттеудің – аса тиімді механизм екенін айта кетті.

Қазақстанның Машина жасаушылар одағының басшысы Мейрам Бегентаев ҚР вице премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен өткен жиналыста саланы қаржыландыру мәселесінің тағы бір мәрте көтерілгенін атап өтті. «Машина жасаушылар одағы атынан мынадай ұстанымды жеткіздік: отандық машина жасау зауыттарының өнімдерін қаржыландыру үшін «БК-Лизингке» қосымша 20 млрд. теңге сұрадық. 20 млрд. теңгені локомотивтер мен вагондарды лизингілеу үшін сұрадық. Және де қаңтарға авто өнеркәсіп бойынша қосымша тағы 10 млрд. теңге сұрадық. Себебі автобизнес белсенді жұмыс жасайтын болса, онда бұл жалпы салаға әсерін тигізеді. Бұл маңызды мәселе», - деді ол.

Мейрам Бегентаев сонымен қатар отандық авто бағасын оңтайландыру мәселесін қозғады. «2018 жылдан бастап отандық автомобиль құнының 50% оңтайландырылуға тиіс екенін бәріміз де білеміз. Егер бұл мәселе қолға алынбаса, Ресейге, Беларусьқа, яғни ЕАЭО елдеріне сата алмаймыз. Осы төңіректегі жағдай қалай?», - деп ол Андрей Лаврентьевке жүгінді.

«Бүгінгі таңда бұл біз үшін өзекті мәселе. Өзіміз үшін объективті түрде еліміздің ішіндегі оңтайландыруды 30%-ға жасауды шамалап отырмыз. Оған автомобильді іс жүзінде өндіру әдістерімен, яғни дәнекерлеу және бояу процесімен қол жеткізіледі. Автомобиль құрамдастарын нақты айырбастауға келер болсақ, яғни мұнда қиындықтар жоқ емес: негізінде, бұл Қазақстан ішіндегі жеткізушілер жүйесінің болуы және келісу – өзіміз орнын толтыратын өнімге халықаралық сертификат алу. Кез-келген бұранданы автомобильге келісілген түрде қоюымыз үшін, дәл осы құрамдастың белгілі бір сынағынан өтуіміз қажет. Сертификаттау – бұл біздің жеткізушілеріміз үшін айтарлықтай күрделі процесс», - деп жауап берді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының басшысы.

Андрей Лаврентьев, өкінішке орай, Қазақстанның қосалқы бөлшектері сертификатталған ресейлік жеткізушілерге жүгінуге мәжбүр болып жүргенін атап өтті. «Нақты үлгілер бойынша, қостанайлық кәсіпорын немесе Hyundai бойынша, коммерциялық техника бойынша айтар болсақ, 50% оңтайландыруды жасай аламыз, себебі Қазақстанда жасалатын қондырмалар өте көп және оларға сертификаттау талап етілмейді. Жеңіл автомобильдерге келер болсақ, онда қиындықтар баршылық. Сонымен, 2018 жылға дейін қостанайлық алаң бойынша 3%-дан артық автоқұрамдастарды Қазақстанда қосымша  жинай алмаймыз, деп ойлаймын. Бұл ең оңтайлы жағдай орын алғанда. 17% Ресейден тартуға мәжбүр боламыз», - деп қосты ол.

«Негізгі мәселе біздікілердің бұл бөлшекті өндіре алмауында емес, олар жасай алады, бірақ оны сертификаттау дегеніміз – бұл аса үлкен көлемдегі санықтар. Ол үшін бізде көлем жетіспейді. Мәселені министрлік алдына қойғанбыз. Кейбір құрамдастарды алғашқы нарыққа – яғни өзіміз үшін өз бетімізше шығаруға мәжбүр боламыз, өндіріс үшін және қайталама нарыққа бұл өндірісті жинақтауға мәжбүрміз, себебі көлем жетіспейді. Егер көлем жетіспейтін болса, онда бұл бөлшектің құны жоғары болады. Мұндай шешімді қабылдап қойдық, министрлікпен өңдеп жатырмыз», - деп қорытты Андрей Лаврентьев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер