astana-view

Қарым-қатынас іскер сипатта болуға тиіс

2015 жылғы 26 Қазан
9089 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ТМД елдері палаталары басшыларының Кеңесін басқарады

Ереванда ТМД-ға қатысушы елдер басшылары Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Кеңес мүшелері Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы Мейірбек Мәжитовті төраға етіп сайлады.

Қазақстандық тарап үшін бұл маңызды оқиға екенін атап өту керек, себебі Қазақстанның төрағалық ету кезеңі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің негізі қаланғанына  25 жыл толу мерейтойымен сәйкес келеді.

«ТМД елдері палаталары Кеңесін басқаруға сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Елдеріміздегі мемлекет басшыларының өзара ынтымақтастық үшін ықтимал ықпалды механизмдер мен сұхбат алаңдарын ұсынғанын атап өткім келеді, ал біздің міндет – алдымызға қойылған стратегиялық міндеттерді іске асыру», - деп атады Мейірбек Мәжитов.

«Қазақстандық тарап біршама тиімді әрекеттестік үшін сессия арасындағы іс-шараларды елдердің бизнес-қоғамдастықтарын тарта отырып, бизнеспен кең көлемді ақпараттық жұмыс; жәрмеңке-көрме қызметін жүзеге асыруға жәрдем және ұйымдастыру; бизнес-миссиялар мен сауда мәмілелерін ұйымдастыру, сүйемелдеу және құқықтық қолдау; іскерлік білім беруді, модульдық оқыту курстары мен тренингтерді дамыту сияқты бірнеше басты бағыттарда өткізуді ұсынды.

«Мұндай форматтың елдер арасындағы іскерлік қатынастарды жақсартып, нығайтатынына, бірлескен серпінді жобаларды ұлғайтуға жаңа күш береріне сенімдімін», - деп жалғады сөзін Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы.

Сондай-ақ отырыс аясында палата басшылары ТМД елдері тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ТМД-ға қатысушы елдер палата басшылары Кеңесінің кезекті отырысын 2016 жылы Астанада өткізу жайлы бірауыздан шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер