astana-view

Жаңа мектеп ашылатын болды!

2015 жылғы 27 Қазан
10837 просмотров

«Атамекен» ҰКП Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мектеп пен мемлекеттік орган арасындағы дауда ымыралы шешімге қол жеткізді

«Tamos Education» физика-математика мектебінде 1285 бала білім алып жатыр. Оқу орнын кеңейту мақсатында 1000 оқушыға арналған физика-математика мектебі, 1200 оқушыға арналған лингвистикалық гимназия, 100 орындық интернат, 200 орындық балалар бақшасы, сондай-ақ қызмет көрсету нысандары кіретін білім беру кешенін салу жоспарланған болатын. Осылайша, 450 тұрақты жұмыс орны жасақталады.

Жоспарланған жоба ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген және кейін ақысыз меншікке берумен уақытша ақысыз жерді қолдану құқығында жер телімін ұсыну түріндегі мемлекеттік қолдауды болжайтын қызметтің басымдылықты түрінің тізбесіне кіреді. Алайда жергілікті атқару органдары ұсынған телімдер көліктің келуін қиындататындықтан кәсіпкердің көңілінен шықпай отыр, ал бұл балаларды жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай мәнге ие.

Білім беру мекемесі осыған орай өз есебінен қайталама нарықтан ауданы 5,5185 гектар жер телімін сатып алады. Оның нысаналы мақсатын өзгерту үшін кәсіпкер заң бойынша кадарстрлық құны мен жердің бұрын мемлекеттен жеке меншікке сатылып алынған құны арасындағы 270 миллион теңгеден астам сомадағы айырмашылықты, сонымен қатар 8 миллион теңгеге жуық мөлшердегі ауылшаруашылық шығындарды төлеуге тиіс болады.

Содан білім беру мекемесі төлем жасаудан босатуға жәрдем көрсетуді сұрап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Ұлттық палата хатты қарап шығып, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы кәсіпкер құқығын бұзбаған деген қорытынды жасады. Аталмыш мәселе бойынша ымыралы шешім табу мақсатында жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін жасалатын төлемді 10 жыл мерзімге бөліп төлеу нұсқасын ұсынып, кәсіпкер оған келіседі.

Осындай дипломатиялық шешімнен кейін Ұлттық палата басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына «Tamos Education» ұжымынан алғыс хат келіп жетті.

«Түйткілімізді жеке назарына алып, Алматы қаласы әкіміне төлемді бөліп төлеу мәселесі бойынша шешімге жәрдем көрсетуге қатысты хат жолдағаныңыз үшін, сізге ерекеше алғыс білдіргіміз келеді. Жіберілген өтінішке «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан экономика департаментінің бірінші санатты сарапшысы Хамзин Қасым Ғазизұлы тұлғасында жедел жауап қатылып, «кері байланыс» орнатылғанын атап өткіміз келеді. «ТЭФММ» БҰ сізге, Хамзин Қасым мен Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпқойлық үшін, бірлескен әрекетті айқын үйлестіргендеріңіз үшін алғыс айтып, еңбек жолында табыс тілейді», - делінген хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер