astana-view

Ләззат Рамазанова: «Әйелдер 90 жылдардағы дағдарысты жеңіп шығуға көмектесті»

2015 жылғы 28 Қазан
13615 просмотров

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің басшысы қазақстандық әйелдердің екінші ретте де мемлекетті «турбулентті» аймақтан алып шығатынына сенімді

«Кәсіпкерлік – бұл ерекше іс, оған әркім де келуге қабілетті емес, бұл кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Сонау ауыр 90 жылдарды еске алыңыздар, онда қапарайым статистика рақымсыз болған еді. 90 жылдардың соңына қарай жұмыссыздардың саны бір миллионға жетті. Қазақстанның әрбір алтыншы белсенді азаматының тұрақты жұмысы болмады», - деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова Кәсіпкер әйелдер конференциясында сөйлеген сөзінде.

Ләззат Рамазанованың айтуынша, аталмыш статистика қазақстандық әйел жандарды көбіне жанай өтті, себебі әйелдер табиғатынан мұндай ауыртпалықтардан әлдеқайда жеңіл өтеді.

«Осы залда отырған көпшіліктеріміз кезінде дипломды ысырып қойып, алып-сатарлар сөмкесін қолға алып, сауда жасауға кеттік. Сол сәтте түсініксіз болған, қоғам санасында аздап жағымсыз пікір тудырған аталмыш сала  асықпай жүріп ЖІӨ көтеруге көмектесті, бюджетке түсім түсе бастады, әлеуметтік аударымдар жақсарды, және де осының салдарынан туу деңгейі көтерілді», - деп атады ол.

Кеңес басшысы қазақстандық әйелдердің еліміздің «турбулентті» аймақтан екінші ретте де шығуына көмектесеріне сенім білдірді. «Әйелдер қаржы, банк салаларында, қызмет көрсету саласы және тіпті өндірістік секторда басты орындарға жайғаса отырып, сонымен қатар өздерінің даналығы мен тәжірибесінің арқасында еліміздің дағдарыстан шығуына көмектеседі», - деп мәлімдеді Ләззат Рамазанова.  

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев хабарлағандай, бүгінде ел көлемінде орташа алғанда шағын және орта бизнестің 41%-дан астамын әйелдер басқарып отыр. Олар «өздерінің таң қалдырар бәсекеге қабілеттілігі мен интерактивтілігін көрсетуде». «Барлық жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі бүгінде тең жартысын құрап отыр. Ал сегіз облыс пен Астана және Алматы қалаларында кәсіпкер әйелдер саны ерлерден асып түседі. Осы деректердің барлығы іскер әйел мәртебесінің санамыздан берік орын алғанынан хабар береді», - деп мәлімдеді әкім орынбасары.

Астана қаласы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бейсембаева өз кезегінде жағымды тенденция – әйелдер кәсіпкерлігінің жасарып келе жатқанын атады. «Қазір шетелде білім алған, экономикалық, қаржы білімдерін, менеджмент саласында білім алып келіп, мұны қызметіне белсенді түрде қолданып жүрген жас қыздар, әйелдер өте көп. Әйелдер негізінде білім беру, денсаулық сақтау, медицина, сұлулық, тігін ісі, үй шаруашылығы саласында жүр», - деп айтып өтті ол.

«Astana Invest 2015» форумының аясында Ұлттық палата ұйымдастырған конференцияда бизнес-ханымдар шеберлік сабақтарында мамандардан тегін консультациялар алды, жеке жобаларын таныстырды, әлеуетті инвсторлармен және серіктестерімен В2В форматында кездесті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Астана Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен елордалық әкімдік әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту мәселелері жөніндегі Өзара ынтымақтастық және әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар бірге әрі келіскен түрде билік және бизнес арасында тиімді функция жасайтын сұхбат алаңын ұйымдастыру, әйелдер кәсіпкерлігінің ең өзекті түйткілдерін бірге қарау және шешу әрі отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жөніндегі жүйелік шаралар дайындау жолымен Астана қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін институционалдық негіз қалыптастыруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер