astana-view

Бизнеске арналған «электрлі» тежегіш

2015 жылғы 28 Қазан
- Жамбыл облысы
10509 просмотров

Электр энергиясының қолжетімсіздігі шаруа қожалықтарының дамуын қиындатып отыр

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы ауылдық кәсіпкерлер нысандарына инфрақұрылым тартылуына жәрдем көрсетуде. Байзақ ауданындағы екі ірі шаруа қожалықтың электрлендірілуі Палатаның аудандық филиалы көрсеткен көмектің арқасында іске асты.

Байзақ ауданындағы «НҰР» ШҚ басшысы Нұрғали Әміров төрт жыл бұрын 10 гектар жерде алма бағын салған болатын. Бірақ суаратын судың жетіспеушілігіне байланысты өнім ала алмайды. Сорғы орнату үшін, электр энергиясы қажет еді, бірақ қиындықтарға орай ауыл тұрғыны телімді электрлендіре алмады, сөйтіп, шаруашылық құлдырайды. Кәсіпкер қолдау сұрап Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалына жүгініп, онда «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2200 шақырым электр желісін тартуға көмек көрсетілді. Енді сорғы көмегімен суаруға болады.

«3400 алма ағашы көшетін отырғызған едік, 10 гектар жерден өнім ала алмай қаламыз ба деп уайымдадық. Бірақ енді сорғы көмегімен суара аламыз. Электр энергиясының жоқтығынан және суаратын су түйткілінің салдарынан алма бағын бірде-бір рет дұрыстап суара алмаған едік. Инфрақұрылым тартуға қажет құжаттарды біршама ұзақ жинадық. Палата көмекке келмегенде әлі күнге дейін нәтижесіз сол қағаздармен жүре берер едік. Сондықтан да Палатаның аудандық филиалының директоры Дүнмұхамед Нұралиев пен аудандық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Досан Наурызбаевқа үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді», - деді Нұрғали Әміров.

1993 жылы негізі қаланған «Қанай» шаруа қожалығы «Нұр» шаруа қожалығына кездескен түйткілге ұшырап отыр. Электр энергиясының жоқтығынан 100% қол еңбегіне көшуге тура келеді де, бұл жұмысты қиындатып, тиісті пайда мен нәтижені бермейді. Әлжан Қожахметов басқаратын шаруа қожалығында 120 бас асыл тұқымды ірі қара, 60 бас ұсақ мал мен жылқылар бар. Аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегімен бизнесмен «БЖК-2020» бағдарламасына қатысуға құжат тапсырды. Өтінім мақұлданып, кәсіпкерге 4800 шақырым қашықтықта қожалығына дейін электр желісі тартылды.

«Бұл өте ауыр болды. Құжат жинау, сұрауларға жауаптар алу, оларды уақытында тапсыру дегендей. Палатаның көмегінсіз қолымыздан келмес еді. Егер бұрын күніне 10-15 сиыр саусақ, электр энергиясы келгеннен бері заманауи техниканы пайдалана отырып, сауу бірден бірнеше есе ұлғайды. Енді бизнестің басқа да бағыттарымен айналысатын уақытымыз да, мүмкіндігіміз де бар. Палатаға рақмет!» - деді Әлжан Қожахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер