astana-view

Аккредиттеуден өтіп үлгеріңіздер!

2015 жылғы 28 Желтоқсан
13496 просмотров

Жыл соңына дейін салалық қауымдастықтар мен жеке кәсіпкерлік бірлестіктерінің аккредиттеуден өтуі қажет

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлер бірлестіктері және (немесе) қауымдастық формасындағы заңды тұлғаларды, сонымен бірге ҰКП бұрын берген аккредиттеу туралы куәліктерінің әрекет ету мерзімі 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында аяқталатын қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуден өткізу жүргізілетіні жайлы хабарлайды.

Аккредиттеу Ұлттық палатада республикалық сала аралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сонымен қатар шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік республикалық қауымдастықтарына (одақтарына) қатысты жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2015 жылғы 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығы.

Құжаттар тобы қағаз тасымалдағыштарда және/немесе электронды форматта жіберіледі.

Ережеде көзделген құжаттар тобын қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық палата Басқармасына төмендегі мекенжайға жолдайды.

Пошта мекенжайы: ҚР, индекс 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» Әкімшілік ғимараты, «Б» блогы;

e-mail: e.eskaraev@palata.kz (байланыс телефоны: +7 /7172/ 919 356 (ішкі 1972).

Ұлттық палатаның Басқармасына аккредитация алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі:

  1. қауымдастықтың (одақтың) оның мүддесін сенімхатсыз танытуға уәкілетті, немесе сенімхат бойынша өкілінің (сенімхаттың көшірмесін тіркеумен) қолы қойылған, Ережеге 1к Қосымшада орнатылған форма бойынша өтініш;
  2. қауымдастық (одақ) қызметі туралы есеп;
  3. қауымдастықтың (одақтың) орнатылған біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
  4. төмендегілер жайлы мәліметтер:

- қауымдастықтың (одақтың) дауыс құқығы бар өкілін (өкілдерін) кіргізу ұсынылатын Ұлттық палата Төралқасының комитеті туралы;

- жоғарыда көрсетілген өкіл (өкілдер) туралы (аты-жөні, түйіндемесі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, сонымен қатар сәйкес экономика саласындағы тәжірибесі туралы мәліметтер, жеке куәлік көшірмесі);

- қауымдастықтың (одақтың) кеңесші дауыс құқығы бар өкілінің (өкілдерінің) қатысуы үшін Ұлттық палата Төралқасының өзге де комитеттері туралы, сонымен қатар жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (аты-жөні, түйіндемесі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, сонымен қатар сәйкес экономика саласындағы тәжірибесі туралы мәліметтер, жеке куәлік көшірмесі);

- Съез жұмысына қатысуға ұсынылған қауымдастық (одақ) өкілі туралы;

5) қауымдастықтың (одақтың) аты-жөні, лауазымы көрсетілген штаттағы қызметкерлерінің тізбесі.

Біліктілік талаптары мен аккредиттеуден өту процедурасы Ережемен орнатылған.

Ұлттық палата Төралқа комитеттерінің тізбесін және Ереженің толық мәтінін мына сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:https://www.dropbox.com/s/v45mv8xpqg4loxq/Правила%20аккредитации.pdf және https://drive.google.com/file/d/0B-CqN-vjW7apZ2hxZmpsUXh5emc/view?usp=sharing.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер