astana-view

Ұлттық палата 8,7 миллиард теңге көлемінде бизнес мүддесін қорғап қалған

2015 жылғы 05 Қараша
8909 просмотров

2015 жыл ішінде Ұлттық палатаға кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері бойынша 3,5 мыңға жуық өтініш келіп түскен

2015 жылғы 9 ай ішінде Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесіне кәсіпкерлер құқығын бұзу деректері бойынша 3 497 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1 420 іс оң шешімін тауып, 8,7 млрд. теңге сомасында бизнестің мүліктік құқығы қорғалған.

Өңірлер қимасында Шығыс Қазақстан облысы көш басында тұр - 355 өтініш. Одан кейін Алматы қаласы - 341 өтініш, одан кейін Астана - 269. Бизнесті қорғау желісі бойынша ең аз келген өтініш Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына тиесілі - 53 өтініш. ҚР ҰКП Орталық аппаратына 9 ай ішінде құқықтарын бұзу деректері бойынша кәсіпкерлерден 710 өтініш келіп түскен.

Салалар бойынша талдау жүргізер болсақ, онда бизнесмендерге ұшырасатын түйткілдердің көп бөлігі жер қатынастары, сәулет және құрылысқа байланысты – қорғау бойынша келген өтініштердің жалпы санынан 20%. Тағы бір өзекті мәселе – салық салу (14%). Үшінші орында мемлекеттік және өзге де сатып алулар - 11%.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер