astana-view

Кәсіпқой маман қажет болса, аянбай күш жұмсау қажет

2015 жылғы 09 Қараша
- Ақтөбе облысы
9711 просмотров

Бизнес кадрларды даярлауға қатысуға дайын

Ақтөбе политехникалық колледжінің жанынан жұмысын бастаған Қамқорлық кеңесінің мүшелері осындай қорытынды жасады.

Кеңес колледжге жан-жақты көмек көрсетуге арнайы құрылған.

«Бизнес өздеріне қажет кадрлармен қамтамасыз ету жайлы ойлана бастады. Бұл кәсіпорынның болашақта өсуі мен дамуы үшін қажет. Агррарлық өнеркәсіп кешенінде Қамқорлық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Оның құрамына оқу орнымен бірнеше жылдан бері әріптестік құрып келе жатқан, өндірістік оқытуды ұйымдастыруға қатысатын, материалдық-техникалық базаны жабдықтауға, әдістемелік және консультациялық жәрдемге көмек көрсетететін әлеуметтік әріпестер кірді», - деді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәмелі Құнанова.

«Технолинк LTD» ЖШС директоры Эдуард Фатихов Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Кәсіпкер «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыруға жәрдемдесе отырып, колледжбен бірнеше жылдан бері ынтымақтастық құрып келеді.

Қамқорлық кеңесінің мүшелері алдарына жоғары білікті мамандарды даярлауда, кәсіпорын базасында өндірістік оқытуда, келісілген интеграцияланған оқу бағдарламаларын дайындауда және енгізуде, түлектерді жұмысқа тұрғызуда колледжге жәрдем көрсету міндетін қойған.

ӨКП-ге басты роль беріледі: Палата бизнес пен оқу орны арасындағы байланыстырушы тізбек ролін атқарады.

Эдуард Фатихов кадрларды даярлауға қатысатын бизнестің экономикалық тұрғыдағы түйткілдерге ұшырасып жататынын атады.

«Бизнес қосымша шығындар шегеді. Ең алдымен, студенттермен айналысу үшін процестен алшақ кететін тәлімгерді бөлу қажет. Балаларды тасымалдауға, арнайы киіммен, тамақпен қамтамасыз етуге қаражат қажет. Кәсіпорынға экономикалық ынталандырудың болмауы мәселесін шешу үшін, менің ойымша, мемлекет тарапынан болатын артықшылықтар, тендердегі басымдылық туралы мәселені ойластырған дұрыс. Бұл оларды қажет көлеммен қамтамасыз етеді, және де, сәйкесінше, өндірістік оқытуды ұйымдастыруға да, одан кейін жұмысқа тұрғызуға да кепілдік береді. Егер оларда өндірістің кепілдендірілген көлемі болатын болса, бұл процеске көптеген компаниялар қосылар еді», - деп «Технолинк LTD» директоры ойын білдірді. 

«КИПиА» ЖШС директоры Нұржан Бекмұратов көптеген оқу орындарының материалдық-техникалық базаны жабдықтауға үлгермей жататынын атады.

«Түлектердің білім сапасы әлсіз болып қалып отыр. Жас мамандар көбіне өндіріс жабдықтарымен және технологияларымен таныс емес. Біз бұған колледждерді жазғырамыз. Мәселе олардың қаржы жоқтығынан базаларын жақсартуға үлгермей қалатындығында. Бұл мәселені шешу үшін, өндірістік іс-тәжірибені күшейтіп, шеберлік сабақтарын өткізу қажет. Бізге жақсы мамандар қажет. Бұл түйткілді шешу үшін, басқа өңірлерден жұмысшылар шақыруға, оларға жоғары жалақы төлеуге, олар үшін жағдай жасауға мәжбүрміз», - деп есептейді Нұржан Бекмұратов.

Басқа кәсіпорындар өкілдері кәсіпорын үшін ғана емес, студенттер үшін де түрткі қажет деп санайды.

«Осыған орай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу орнына жергілікті, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың бір бөлігін кәсіпорынға төлеуді ұсынамыз. Ол бұл жағдайда өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыруға мүдделі болады, осы ақша есебінен тәлімгерді ұстауға, студенттердің арнайы киіміне, тамағына кететін шығынды төлей алады. Бүгінде бизнес кадрларды даярлауға қатысып жүр, бірақ мен бұл жұмысқа мүмкіндігінше көбірек кәсіпорындарды қосу қажет деп ойлаймын», - деп қорытты Дәмелі Құнанова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер