astana-view

Электрондық мемлекеттік сатып алу қаншалықты ұтымды?

2015 жылғы 11 Қараша
- Алматы қаласы
9220 просмотров

Алматының бизнес-қоғамдастығы мемлекеттік сатып алулар веб-порталын ақылы негізге көшіру туралы ұсынысқа келіспейді

«Электронды мемлекеттік сатып алулар» жобасын жүзеге асыратын «Электронды коммерция орталығы» (ЭКО) біртіндеп ақылы негізге көшуге бірден бірнеше себепті уәждеп отыр: жаңа жобаларға жұмсалатын шығын қатаң түрде шектелген бюджетті секвестрлеумен, процедуралардың функциялануын дамытуға деген қажеттілікпен (мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру мәселелері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына кіргізілген), ақпараттандырудың сервистік үлгісіне көшумен. Оның үстіне дайындаушылар барлық қызметтер, сонымен бірге АТ-жобалар өзін-өзі өтеу қағидаттарына монетизацияланған әрі негізделген халықаралық тәжірибені ескеруді сұрайды. Идея тендер жеңімпазының мемлекеттік тапсырысқа шарт жасасу кезінде сомадан 0,1% (бірақ көп дегенде 250 АЕК, ал бұл 495,5 мың теңге) төлеуінде болып отыр. ЭКО тіпті аталмыш жаңа енгізілім орын алған жағдайда бюджет қаражатының үнемделуі 1,6 млрд теңге құрайтынын есептеп шығыпты.

Бір айта кететіні, дағдарыс кезінде веб-порталға материалдық қолдау көрсетуді Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова да сұраған екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер