astana-view

Ивановоның атын шығарған экскаваторлар

2015 жылғы 11 Қараша
9775 просмотров

Қазақстанға ҰКП шақыруымен келген Иваново кәсіпкерлері құр қол қайтқан жоқ

Иваново облысы Сауда-өнеркәсіптік палатасы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың атына алғыс хат жолдап, онда республикамызда болып-қайту мүмкіндігін бергені үшін ризашылық білдіріпті.

Қазан айының соңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда хатшылығының шақыруымен бизнес-сұхбат құру және серіктестік қатынастарды жөнге салу үшін Иваново облысынан кәсіпкерлер делегациясы келгенін еске саламыз. Ресейдің танымал қаласынан келген іскер қонақтар 5 күн ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болып, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен байланыс орнатып, кәсіпорындарда болып, олардың басшылығымен келіссөздер жүргізіп үлгерді. «Қазақстанның қуатты экономикалық әлеуеті жайлы және екі жақты ынтымақтастығымыздың келешегі жайлы егжей-тегжейлі түсінік алдық», - деп жазыпты Иваново кәсіпкерлері хатта. Олардың айтуынша, Қазақстанға жасалған сапар туралы ақпарат Иваново облысы басшылығы мен ондағы іскер топтарға жеткізілген екен. Аталмыш сапар олардың тарапынан, әсіресе тоқымашылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып отыр.  «Сапардың ивановолық және қазақстандық кәсіпкерлердің халқымыз бен экономикамыз игілігіне жемісті ынтымақтастық жасауына бастау боларына сенімдіміз», - деп аталыпты хатта.

Иваново облысынан келген бизнес-миссияға қатысушылар арасында экскаватор өндіретін зауыт - «Кранэкс» МК ЖАҚ болғанын атап өту керек. Ивановолық бизнесмендердің тілегімен ҰКП Қазақстанның танымал құрылыс, цемент-бетон және басқа да компанияларымен кездесу ұйымдастырды. «Біздің өнім сапасы жөнінен, біз жұмыс жасайтын технология жөнінен жапондық аналогтардан кем түспейді, ал бағасы 20% арзан. Қазақстандықтармен әріптестік жасауға қуана келісеміз», - деп хабарлады кәсіпорын басшысы Максим Колыбельников.

Медициналық тоқыма өндірумен, инновациялық тоқыма өнімдер, инкапсулалы биологиялық белсенді қоспалары бар косметикалық тоқыма өндірісімен айналысатын «Спецтекстиль» бірлестігінің басшысы «Назарбаев Университеті» Қазақ өмір туралы ғылым орталығы басшылығымен кездесіп, биоинженерия және регенеративті медицина зертханасында болып қайтты.

Энергия ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін дайындаумен, өндірумен және енгізумен, жарықтандыруды басқарумен айналыстаны «Арго» компаниялар тобы әкімдіктің энергия тиімділігіне жауапты бөлімшелерімен, Қазақстанның ТКШ және құрылыс Ұлттық палатасымен, Қазақстанның Инженер-энергетиктер одағымен, Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығымен кездесуге тілек білдірді.

Химиялық талшықтар өндіретін «Иврегионсинтез» кластерлік тоқыма корпорациясы «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Оралмұнайхим Қазақстан Лтд» ЖШС-мен Иваново облысына терефталды қышқылды жеткізудің ықтималдығы туралы келіссөздер жүргізді.

Ауылшаруашылық өнімдер (көкөніс, жеміс және басқалары, жаңа піскен және кептірілген) және азық-түлік (кондитерия, бакалея) жеткізуші және өндіруші компаниялармен кездесулер өтті.

«Иваново қаласының қойма кешені» де өз қызметтерін ұсынды. Ол аталмыш қалада қойма жалдауды қалайтын қазақстандық азық-түлік және тұрмыстық тауарлар өндірушілерге көмек көрсетеді.

«Біздің облыс – күллі Орталық федералдық округтегі өзінше бір логистикалық хаб. Бізде темір жол, автомобиль, әуе және су қатынасы жөнге қойылған. Дамыған көлік инфрақұрылымы мемлекет көлемінде жүк логистикасын, сонымен бірге Еуропаға транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді Иваново облысы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Леонид Иванов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар байланыс мәліметтерін алысып, өзара тиімді қатынастың нығаюына сенім білдірісті.

«Иваново облысы СӨП өз тарапынан Қазақстанға бизнес-миссия жасау барысында орнатылған байланыстарды одан әрі дамытуға, және де «Атамекен» ҚР ҰКП тарапынан қызығушылық туындаған жағдайда өңірде Қазақстан Палатасының делегациясын немесе салалық бизнес-миссияны қабылдауға қабылдауға бар күшін салуға дайын», - деп түйіндеді хатты СӨП басшысы Леонид Иванов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер