astana-view

Жобаларды сараптаумен жеке меншік тұлғалар айналысады

2015 жылғы 11 Қараша
10796 просмотров

Қазақстанда қала құрылысы сараптамасын жүргізуге мемлекеттік монополиядан кезең-кезеңмен бас тарту болжануда

«Атамекен» ҚР ҰКП жобалау-құрылыстық кешен кәсіпкерлерінің «Барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасын талқылауға ат салысуын сұрайды.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды іске асыру аясында 47 қадамда «Жоба алды және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасын өткізуге мемлекеттік монополиядан кезең-кезеңмен бас тарту. Жобалар сараптамасын бәсекелес ортаға беру» көзделгені белгілі.

Осыған орай қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 366-V ҚР Заңының ережелерін растай отырып, уәкілетті мемлекеттік орган Ережелер және басқа да нормативтік құжаттар түріндегі сәйкес кіші заң актілерін дайындауда. Шын мәнісінде аталмыш нормативтік құжаттар жобалары жаңа реттеу құралдарын енгізуге және уәкілетті орган құзыретінің айтарлықтай кеңеюіне саяды, бұл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу талаптарын қиындатады.

Мемлекеттік орган жоғарыда аталған Ережелер жобасы мәнмәтінінде сонымен бірге «Кешенді ведомстводан тыс және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптау комиссияларын (сараптау топтарын) құру және мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту ережелерін» және «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптау қорытындыларын ресімдеу ережелерін» қарауды ұсынады.

ҚР ҰКП жоғарыда баяндалған мәселеге байланысты және қаралатын құжаттардың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, кәсіпкерлердің мемлекеттік органның аталмыш бұйрықтары жобаларымен танысуын және 2015 жылғы 17 қарашаға дейінгі мерзімде пікірлерін «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитеті Хатшылығының Хатшысы орынбасарының ab.dosanov@palata.kz электронды мекенжайына «Жобалар сараптамасы бойынша» деген белгімен жолдауларын сұрайды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер