astana-view

Нан бөлкесі қанша тұрады?

2015 жылғы 13 Қараша
- Атырау облысы
13440 просмотров

Нан пісіретін кәсіпорындар жабылуға шақ қалғандарын мәлімдеуде

Билік жақын арада нан бағасын көтеруге рұқсат бермесе, біз қызметімізді тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл туралы Атырау қаласында жұмыс жасайтын 11 шағын наубайхана иелері мәлімдеді.

Наубайшылар Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысының барысында көп жылдан бері қордаланып қалған түйткілдерін жеткізді.

«Даудың басы жергілікті билік реттейтін «әлеуметтік» нанның бағасы болған еді. 11 наубайхана атынан олардың ресми мүддесін танытушы ретінде сөз алған кәсіпкер Талғат Қосжановтың сөзінше, Атырау облысында нанды сату бағасын соңғы рет 35 теңгеден 40 теңгеге көтеруді әкімдік 2007 жылы белгілеген болатын. Бір жыл өткен соң мемлекет тарапынан наубайшыларға дотациялық ұн беріле бастады. Ол кезде аталмыш ұнның бір келісінің бағасы 47 теңгені құраған еді. Сондай-ақ наубайшыларға нанды дүкендерге бір бөлкесі үшін 40 теңгеден жіберуге тиіс деген шарт қойылады.

«Ол кезде ұн бізге облысқа жеткізіліп тұрды. Оны «КамАЗ» автомашинасымен вокзалдан наубайханаға дейін тасымалдауға кететін шығындар көліктің бір бірлігі үшін 12 мың теңгені құрады. Қазір дотациялық ұнды көршілес Батыс Қазақстан облысынан бір келісі үшін 51 теңгеден сатып алып, өзіміз жеткізіп аламыз. Енді тасымалдау көліктің бір бірлігі үшін 150 мың теңгеге өсіп кетті, яғни ұн бізге бір келісі үшін 63 теңге бағамен келеді. Төртінші тоқсанда Оралда дотациялық ұнның бағасы 60 теңгеге өсті. Сонда әкімдік өкілдері, ұнды 67 теңгеден сатып алатын болсақ, жеткізу мәселелерін өз мойындарына алатындарын атады, және де нан бағасын бір бөлкесі үшін 40 теңге деп сақтап қалуымыз керек. Егер коммуналдық қызметтер тарифтері 2007-2008 жылдардағыдай болса, бұл талапты орындар едік. Аталмыш қызметтер бағасының еселеп өсіп кеткені бәріне аян», - деп атады Талғат Қосжанов.

Наубайхана иесінің айтуынша, доллар бағамының өсуі де әсерін тигізбей қоймады, себебі барлық жабдықтары шетелде шығарылған. Талғат Қосжановтың өзі қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттап кетуі себебінен 6 нан пісіретін пештің 2-і тоқтап тұрғанын атады.

Басқа наубайшылар шағымдары да осыған саяды. Бизнестің тиімсіздігі салдарынан өндірістерін кеңейту үшін олардың ешқайсысы да банктен кредит ала алмайды.

Дотациялық ұн сапасына қатысты наубайшылар наразылықтары да жетіп жатыр. Олардың айтуынша, пісірілетін нанның сапасын көтеру үшін, коммерциялық нанды сатып алып, оны дотациялықпен араластыруға мәжбүр болып жүр екен. Сонымен бірге олар дотациялық ұнды жеткізу мерзімінің үнемі кешіктіріле беретінін хабарлады.

«2007 жылдан бері барлық коммуналдық тарифтер өсіп келеді, нан пісіруге қажет азық-түлік бағасы өсті, дотациялық ұн бағасының өзі де 50% пайызға жуық өсті. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Егер нан бағасын көтермейтін болсақ, жабылуымызға тура келеді», - деп қорытты сөзін наубайхана иесі.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес барысында анықталғандай, қазірде Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаменті жоғарыда аталған бірқатар наубайханалар иелеріне қатысты нанның сату бағасын 5 теңгеге қысқа мерзімге көтрегені үшін бәсекеге қарсы іс-қимыл дерегі бойынша тергеу бастаған.  

Аталмыш департамент басшысының орынбасары Болат Сүлеғалиев түсіндіріп өткендей, тергеуді бастауға монополияға қарсы органның өзі анықтаған деректер мен нан бағасының көтерілгені жайлы БАҚ-та жарияланған ақпараттар себеп болған. «Мақсатымыз сіздерді жазалау емес, әрекеттеріңіздің заңсыз екенін дәлелдеу», - деп сендірді мемлекеттік орган өкілі.

Алайда Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік органның мұндай әрекетін бизнеске әкімшілік қысым көрсету ретінде қарастырады.

«Сіздер мониторинг жүргізуге тиіссіздер. Неліктен тергеу жүргізесіздер, адамдарды қорқытудың қажеті қанша? Аталмыш мәселені облыс мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында жеткізетін боламын. Онда құзырлы тұлғалар қатысады. Бұны бизнеске қысым көрсету деп есептеймін. Олар әлеуметтік маңызы бар өнім – нан өндіреді, жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр, өз күштерімен жұмыс жасайды, ешқайсысы да «Бизнестің жол картасы» бойынша кредит алмаған, осының бәрін ескеруіміз қажет», - деп атады Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әлия Бекқожиева. 

«Тергеу жүргізер алдында сәйкес бұйрық шығуға тиіс. Бұйрықты ұсындыңыздар. Аталмыш бұйрыққа ірі нан өндірушілер де, ұсақ өндірушілер де бірге енгізілген болып шықты. Бұл дұрыс па? Кез-келген тергеу бұйырақ болған жағдайда прокуратураның Құқықтық және әлеуметтік ақпарат орталығында тіркеледі. Бізге мұндай ақпарат ұсынылған жоқ. Бұл монополияға қарсы комитеттің шағын бизнеске қатысты мұндай «пысықтық» танытып отырған тәжірибеміздегі алғашқы оқиғасы, ірі монополистерге қатысты мұны байқамаған едік. Тағы бір қызықты тұс – әкімдік оларды шақырған бетте, департаментіңізде мәселелер туындай қалады. Бұл ақпаратты қарапайым талдау жолымен алуыңызға болады. Заңға сәйкес мониторинг жүргізуге құқылысыз. Жүргізіңіз, оған қарсы емеспіз. Неліктен бірден тергеу жасалуы керек?», - деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

Оның ойынша, кәсіпкерлерді дамыту үшін нан бағасын еркіндікке жіберу қажет. Сондай-ақ әкімдікпен бірге халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін нады қолжетімді бағамен сататын мамандандырылған дүкендер ашу туралы мәселені шешу қажет. Сонымен қатар аталмыш дүкендерге қолжетімді нанды жеткізуге өндірушілерден кететін шығындардың орнын толтыру тетігін дайындап шығу керек.

Әкімдік өкілдеріне ресми хат жолданса да, отырысқа келмегенін айта кету керек.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңестің барлық мүшелері өндірушілердің нанға деген нарықтық бағаны орнату қажеттігі туралы және субсидиялаудан бас тартуы жайлы талаптары негізді болып табылады деген  ойға келді. Осыған орай облыс басшылығының атына сәйкес хат жолдауға шешім қабылданды. Сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасына монополияға қарсы органның бірқатар наубайханалар иелеріне қатысты тергеу жүргізуінің заңдылығына құқықтық сараптама жүргізуді және қажет болған жағдайда кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғауды тапсыруға шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер