astana-view

Жұмыс берушінің де, жұмысшының да көңілін табу

2015 жылғы 16 Қараша
- Ақмола облысы
9210 просмотров

Өңірлерде кәсіптер мен біліктілік қимасында кадрларға деген қажеттілік жоқ емес

Дуалды білім беру аясында Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы, КжТББ оқу орындары және әлеуметтік әріптес кәсіпорындар арасында 40 үш жақты шарт жасалды.

Өңірлік палата жұмыс берушілер, КжТББ оқу орындары, студенттер қатысуымен ұйымдастырған «Жастар арасында жұмысшы мамандықтардың жағымды имиджін дамыту» атты дөңгелек үстел барысында осындай деректер айтылды.

Дуалды оқыту жүйесі кәсіптік-техникалық кадрларды даярлаудың тиімді формаларының бірі екенін еске саламыз. Ол студенттердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге, оларды кәсіпорындардағы жұмысқа сапалы түрде даярлауға мүмкіндік береді.

Дуалды білім беруді қалайша тиімді түрде ұйымдастыруға болады? Білім беру қызметтері нарығында оқу орнының беделін және жалпы жұмысшы кәсіптер имиджін қалай көтеру керек? Лайықты кадрларды қайдан табамыз? Пікірталасқа қатысушылар осы және басқа да көптеген мәселелер жайлы сөз қылды. «Сейнұр» ЖШС директоры Райхан Сайдалинаның сөзінше, автотасымалдауларға маманданған кәсіпорны білікті мамандарға деген, соның ішінде жүргізушілерге деген ерекше тапшылықты бастан кешіп отыр. Ал туристік бизнесті дамытушы «Дарбаза А» ЖШС-ға тау шаңғысы нұсқаушылары аса қажет.

Осы жерде дуалды білім беру көмекке келуге тиіс. Себебі, КжТББ басты міндеті – еңбек ресурстарының нақты кәсіпорындардың шынайы талаптарынан көлемі мен сапасы жөнінен артта қалуын жеңіп шығатындай кәсіптік даярлық үлгісін қалыптастыру екені белгілі. Көріп отырғанымыздай: өңірлік еңбек нарығы инфрақұрылымы әлсіз дамыған, түрлі мамандықтар бойынша кадрларға деген қажеттілік туралы сенімді ақпарат жоқтың қасы. Көптеген жұмыс берушілер лайықты кадрларды табай алмайды, ал жұмысбасты халық өз мамандығымен жұмыс жасап жүрген жоқ.

Палата сарапшылары әлеуетті жұмыс берушілердің кәсіптер мен біліктіліктер қимасындағы жұмысшы кадрларға деген қажеттіліктерін зерттеп-білу үшін арнайы зерттеулер өткізу бойынша бастаманы о бастан өз мойындарына алды. Оқушыларға жүйелі кәсіптік бағдар беру аясында кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру бойынша жұмыс, «Жұмыс беруші күні» («Кәсіпқойлармен сұхбат») акциясының аясында іс-шаралар, Өңірлік кеңес мүшелері, Іскер әйелдер кеңесі, табысты кәсіпкерлер қатысуымен өңірдегі түрлі оқу орындары базасында дәрістер өткізіледі.

Палата тәлімгерлік институтын енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жүргізу туралы кәсіпорындармен және облыстағы оқу орындарымен келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар, өңірлік палата аудандық филиалдар және КжТББ оқу орындарымен бірге «Мамандық үздігі» республикалық байқауына қатысу үшін жас мамандар тартуға жәрдем көрсетті.

Сұхбат алаңына қатысушылар бірлескен жұмыс жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тізімін даярлап, жиі кездесіп тұруға келісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер