astana-view

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қажеті бар ма?

2015 жылғы 16 Қараша
9966 просмотров

«Атамекен» ҰКП отандық кәсіпкерлердің Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы (РӨКО) бизнес-мектебінің шеберлік сабағына қатысуы үшін Мәскеуге бару сапарын бастамалады

РӨКО вице-президенті, РӨКО өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі Кеңесінің тең төрағасы Виктор Плескачевский қазақстандық бизнесмендер үшін өтпелі экономикалардағы құқықтық құбылыстар ретіндегі өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша авторлық курс өткізді.  

Шеберлік сабағына өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған түрлі салалар қауымдастықтарының өкілдері келді. Атап айтсақ, аудиторлық және бағалау қызметтері, құрылыс саласы, сақтандыру қызметтерінің саласы, машина жасау, заң қызметтерін көрсету.

Іс-шара бизнес, тұтынушылар, билік органдары мен жалпы қоғам мүддесінің теңгерімін қамтамасыз ететін жаңа құқық институты ретінде өзін-өзі реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған аргументтерді бірге іздеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Аталмыш сапар Мемлекет басшысының Қазақстандағы өзін-өзі реттеу жүйесінің базалық ережелерін, еліміздегі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылуы мен қызметін реттемелейтін «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР заңына қол қойған күніне тура келді. Ресей Федерациясының зерттелген тәжірибесі біздің «Өзін-өзі реттеу туралы» заңның негізіне алған базалық ережелердің аталмыш жаңа институттың дұрыс конструкциясын құруымызды қамтамасыз ететінін көрсетті. Сөйтіп, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды коммерциялық емес ұйымдардан ерекшелеуге мүмкіндік беретін айқын белгілерді заң жүзінде бекіттік. Ал РФ заңнамалық актілеріне бірыңғай белгілер орнату жөніндегі өзгертулер енді ғана енгізіліп жатыр», - деп жеткізді қазақстандық делегацияның басшысы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айжан Бижанова. 

Оның айтуынша, қазақстандық заң шоғырландырылған қоғам қалауымен түрлі тетіктер арқылы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етуді көздейді. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өтемақылық қор болуы мүмкін, немесе өзара сақтандыру қоғамы арқылы. Ал РФ-де өтемақылық қордың болуы міндетті талап болып табылады. Осыған орай Ресейдегі өзін-өзі реттейтін ұйымдар көп жағдайларда материалдық жауапкершіліктің екі-үш құралымен құрылған. Бұл кәсіпкерлер үшін салмақты жүктеме болып табылады (мысалы, бағалау қызметінде өтемақылық қорды қалыптастыру жөніндегі міндетті талаппен бірге жеке тұлғалардың жеке сақтандырылуы мен заңды тұлғалардың сақтандырылуы енгізілген).

«Сонымен бірге Ресейдегі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қалыптасқан қызмет ету тәжірибесі корпоративтік басқарудағы, ӨБҰ мүшелерінің, олардың тұтынушылары мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы, осындай бірлестіктерді бақылаудағы және басқа да түйткілді тұстарды ашып берді. Аталмыш семинар нақты сала мүддесінде РФ заңына қайшы келетін РФ министрліктері нормативтік-құқықтық актілеріне РФ Жоғарғы Сотында дауласу оқиғаларымен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді. Өзін-өзі реттеу ұйымдарының біріне жасалған экскурсия процесінде оның мүшелерінің стандарттарды орындауына тиімді дистанциялық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық жүйелер жұмысымен таныстық. Бұл біздің тарап үшін аса өзекті болып табылады», - деді Айжан Бижанова.

ҰКП базасында таяу арада мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен салалық топтар құрылады, ал Ұлттық палата ендігі жерде нақты салалар бойынша өзін-өзі реттеу саласындағы отандық заңнаманы жетілдіруді жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер