astana-view

Форс-мажор ма, әлде кәсіпкерлік тәуекел ме?

2015 жылғы 17 Қараша
12784 просмотров

Кәсіпкерлер теңгенің еркін бағамы енгізілуіне байланысты жасалған шарттар сомасын көбейтуді сұрайды

Аталмыш мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесі төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың басшылығымен өткен Кеңестің кезекті, бесінші отырысында аталмыш мәселе қаралды.

Аталып өткендей, Қазақстанның ұлттық валютасының еркін бағамға көшуі Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және қолдау үшін қажет шара болды.

«Дей тұрғанмен, шетелдік валютамен есеп айырысатын тауарлар мен құрамдастар жеткізуші бірлесіп орындаушысы/қосалқы мердігерлері бар жеткізушілерде аталмыш көшу жеткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтердің шетелдік валютамен төленетін бағам айырмасына өзіндік құнының қымбаттауына алып келді», - деп түсіндірді ҚР ҰКП Мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаменті директорының орынбасары Роман Цой.

Оның айтуынша, Қазақстанның еркін теңге бағамына көшуі аясында жасалған шарттар сомасының көбеюі аталмыш негіздеме бойынша шарт сомасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін заңнамалық норманың жоқтығы салдарынан мүмкін болмай отыр.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Сатып алулар ережесіне сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізу көлемін ұлғайтусыз төлем мөлшерін көбейту жөніндегі норма көзделмеген.

«Қазақстанның еркін бағамға көшкен сәтінен бері «Атамекен» ҚР ҰКП атына Қазақстанның еркін бағамға көшуін форс-мажор ретінде тануды өтінген көптеген өтініштер келе бастады. Қазірде Қазақстанда форс-мажорды (еңсерілмейтін күш мән-жайын) растау жөніндегі уәкілетті орган  Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы болып табылады. Аталмыш орган берген жауабында Қазақстанның еркін бағамға көшуі еңсерілмейтін күш мән-жайы болып табылмайтынын, кәсіпкерлік тәуекелге жататынын атапты, - деді Ұлттық палата өкілі. – Бағам айырмашылығының шамамен 45-50% құрағанын атап өту керек. Бұл жасалған шарттардың, соның ішінде ұзақ мерзімді шарттардың тиісті түрде әрі уақытында орындалуына мүмкіндік бермейді. Ал олардың орындалмауы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 18 ай мерзімге сенімсіз жеткізушілер тізіліміне кіргізілуге алып келеді (сатып алуларға қатысуды шектеу)».

Осыған орай «Атамекен» ҚР ҰКП «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» Акционерлік қоғамына Қазақстанның еркін бағамға көшуіне байланысты сатып алулар туралы шарттарды орындамаған немесе орындаудан бас тартқан жағдайда жеткізушілерді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сенімсіз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу мәселесін қарау туралы өтініш жолдады.

«Қазірде Қор сатып алулары Ережесінің жобасында Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы бағамының айтарлықтай төмендеуімен байланысты әлеуетті жеткізуші сатып алулар туралы шартты, соның ішінде ұзақ мерзімдік шарттарды орындаудан және шарт жасаудан бас тартқан жағдайда әлеуетті жеткізуші сатып алулар туралы шарт жасаудан бас тартқан болып танылмайтынын көрсететін норма көзделген.

Кәсіпкерлерге сонымен бірге кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру арқылы немесе валюталық тәуекелдерді хеджерлеу жолымен Еуропа және АҚШ дамыған елдеріндегі кәсіпкерлер кеңінен қолданатын ұлттық валюта бағамы тербелісінің әсерін жеңілдетуге арналған түрлі қаржы құралдарын пайдалануды ұсынамыз. Аталмыш құралдарды жүзеге асырғанда кететін шығындар көп емес», - деп хабарлады Роман Цой.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер